Өлең, жыр, ақындар

Миф және шындық

  • 13.08.2021
  • 0
  • 0
  • 610
(Гректің батыр ұлы Манолис Глезостың Совет Одағына келуіне)

Прометей атаулының бәрінен
Глезосты күштірек деп білемін.
Зевс түгіл Гитлердің әлінен
Келмеді жеу, жалын атқан жүрегін.
Фашизмнің бар салмағы басқанмен,
Жарылмады, үдей соқты бұл жүрек.
Басқан сайын бой теңесіп аспанмен,
Дауылдан да асқақ үні кетті үдеп,
Бостандықшыл осынау үнді сұрапыл,
Адамзатта естімеген қалмады.
Шындықтағы болып бейне Геракл
Күшін, ісін туған елге арнады.
Қылғындыра қысып Минотаврды
Жақын қалды жұтқыншағын үзуі.
Бостандықшыл кемеге ту тағылды,
Теңіздерде жақын еркін жүзуі.
Батыр грек Олимпіне өнердің
Адамзатқа бірінші боп жол ашқан,
Атасысың сансыз ғажап өреннің,
Ерлік ісі бір біріне ұласқан.
Бай тарихың «тәңіріге» толғанмен,
Болғаны жоқ ерлеріне мәңгі дос.
Глезосқа сарқылмайтын берген дем,—
Ұлы Ленин — қиял еткен Гелиос.
Шолып Ленин күнде жердің алабын,
Сәуле септі әлемге алтын арбамен.
Қиындықтың бұзып талай қамалын,
Безендірді ғажап орақ-балғамен.
Грек елін тұншықтырған түн матап,
Тұңғиықтан құтқаратын ер осы.
Лениншілдік қонған бойға зор атақ,
Гелиостың Глезос шын Эосы.

1963



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Екі кездесу

  • 0
  • 0

Турксиб тұлпар теңселіп,
Тайпалған жорға секілді,
Тырсылдап болат тұяғы
Желпілед желге кекілді.

Толық

Жастық туралы жыр

  • 0
  • 0

«Оян»
Деген есітіп таңнан ұран,
Мен көбіне таңертең ерте тұрам.
Далаға шықсам,

Толық

Қызылжар

  • 0
  • 0

Кей кезде жаңбырыңнан көз аштырмай,
Аяқты кей көшеңде саз бастырмай
Тұратын Қызылжарым, мен келсем-ақ,
Қоймайсың еш уақытта сен бас ұрмай.

Толық

Қарап көріңіз