Өлең, жыр, ақындар

Көңлiмде күн батып, кеш кiрдi

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 333
Көңлiмде күн батып, кеш кiрдi,
Тәттi мұң тербесiн.
Жабықсын...
... Ар жақтан дауысың естiлдi,
Ауылдан сен келiп қалыпсың.
Сағыныш...
Арада сым ғана,
Басталды әдемi әңгiме.
Осылай сөзiмдi тыңда да,
Отыра бершi сен мәңгiге.
Сен тыңда, мен сөйлей берейiн,
Айтатын жаңалық көп менде.
Қиялға iлесiп жөнейiн,
Екеумiз кездескен көктемге.
Әзiл де табамын сен үшiн,
Жымиып, күлiп қой, қылықтым.
Сағынып қалыппын сенi шын,
Өзiмнен жасырып жүрiппiн.
Аққуым, қондың ба айдынға,
Жаныңа нұр сеуiп, күлсiн күн.
... «Жақсы» деп тұтқаны қойдым да,
Iшiмнен қатты бiр күрсiндiм...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сүйкiмдi еркесi даланың

  • 0
  • 0

Сүйкiмдi еркесi даланың,
Сыртыңнан сүйсiне қарадым.
Бiлдiрмей ұнатып жүрем де,
Мен сенен көз жазып қаламын...

Толық

Көктем. Қой кезек

  • 0
  • 0

Маңымыз – таспа соқпақ, сайраған iз,
Шертiлiп қайдағы сыр, қайдағы аңыз,
Көктемде Рүстем ағам екеуiмiз,
«Құлағанжар» үстiнде қой бағамыз.

Толық

Тағы да саған жүгiнем

  • 0
  • 0

Тағы да саған жүгiнем,
Ей, менiң дана ақылшым.
Қол үзiп тiрлiк жiбiнен
Сен неге үнсiз жатырсың?

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар