Өлең, жыр, ақындар

Кешқұрым шақ. Күн батқан кезi жаңа

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 258
Кешқұрым шақ. Күн батқан кезi жаңа.
Троллейбус. Сөз ада, сезiм ада.
Жалғыз келем, келедi аңсап жүрек,
Бiр нәрсенi – бiлетiн өзi ғана.
Баяғы жол... бұрылыс...
баяғы бақ.
Ойланғанға көлiктiң аяңы ұнап,
Ыңылдаймын жай ғана бiр әуендi,
Сыртқа қарап, жағымды таянып ап.
Аялдама.
Сол таныс мекен аман,
Ойларыммен тағы да жеке қалам.
Арқамдағы сөмкенi түзеп қойып,
Араласып жұртпенен кете барам.
Өзгерiс жоқ. Көңiлдiң әуенi – күз...
Түсiп қалдым...
Мiндi, әне, әдемi қыз.
Троллейбус жұлқынып жөнеп бердi.
... Пақыр, неткен бақытсыз жан едiңiз...
Бұлт бұлқынып, жаңбыр да жауып кеттi,
Найзағай жүр оңды-сол шауып көктi.
Троллейбус сүлдемдi қалдырды да,
Жүрегiмдi өзiмен алып кеттi.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кеш

  • 0
  • 0

Тәмам болып тағы да бiр сапары,
Таудан шығып, таудан тауып тұрағын,
Күн шоқтанып батып бара жатады...
Қыр үстiнде көлеңке боп тұрамын.

Толық

Әркімге ыстық өзінің шеккен мұңы

  • 0
  • 0

Әркімге ыстық өзінің шеккен мұңы,
Тағдырының қаталдық, өктемдігі.
Жанталасып, жарыққа ұмтылғанмен,
Мына өмірдің қызығы беп-белгілі.

Толық

Ығы-жығы көліктер

  • 0
  • 0

Ығы-жығы көліктер,
Ығы-жығы адамдар.
Басылмаған желіктер,
Жасалмаған қадамдар.

Толық

Қарап көріңіз