Өлең, жыр, ақындар

Мұхит

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 385
Жатпағасын күнде шайып iргенi,
Мұхит жайлы ойланбаппын әсте мен.
Құшағына алып тылсым түндегі,
Ендi осынау алып суға қашты өлең.
Қиялымнан қайық жасап мен бүгiн,
Сағат сайын сол мұхитқа жiберем.
Жүрегiмдi желкен еткен ерлiгiм,
Айлағыңда аялдар деп тiлегем.
Алып суда таң да атар, батар күн,
Толқын тұрса – бөтен бақыт, бөтен той.
Көкжиегi көз талдырып жататын,
Мұхит деген мың сағыныш екен ғой...
Ұшып өтер қанат қайсы, амал жоқ,
Қиял ғана құшағында тербейдi.
Сәлем айтып жiберер ем саған деп,
Бiздiң жаққа шағала да келмейдi.
...Алып мұхит, кеудемдегi дертiмдi ал,
Тынысыңды жаңалыққа жаршы етем.
... Сен демалған жағаны ұрған толқындар,
Бiздiң жаққа жауын болып жауса екен...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қыс жылжыды

  • 0
  • 0

Қыс жылжыды.
Көктем өттi.
Келдi жаз...
Мұң иектеп, күлкi қысып, ердi наз.

Толық

Сүйкiмдi еркесi даланың

  • 0
  • 0

Сүйкiмдi еркесi даланың,
Сыртыңнан сүйсiне қарадым.
Бiлдiрмей ұнатып жүрем де,
Мен сенен көз жазып қаламын...

Толық

Әркімге ыстық өзінің шеккен мұңы

  • 0
  • 0

Әркімге ыстық өзінің шеккен мұңы,
Тағдырының қаталдық, өктемдігі.
Жанталасып, жарыққа ұмтылғанмен,
Мына өмірдің қызығы беп-белгілі.

Толық

Қарап көріңіз