Өлең, жыр, ақындар

Жылап тұр Алматы көктемi

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 230
Жылап тұр Алматы көктемi,
Қайғысы көп пе едi?..
Бұл кеште бұйығып отырмын,
Сол үшiн сөк менi...
Ғашықтар табысып жолда тұр,
Қайың-тал – қолшатыр.
Арудың маңдайын сүйгiштеп,
Тамшы әуре боп жатыр.
Машина көз жасын сүртедi,
Аспан нұр бүркедi.
Жылаулы Алматы көктемi,
Сезiмдi түртедi.
Бiр толып, қуанып тас жылға,
Күлер су астында.
Алты ай хан Алатау ақ қары,
Сен шыңға қаштың ба?
Қу қыздар, жiгiт тұр гүл алып,
Тезiрек шығалық.
Бозбала көп күтiп қалмасын,
Мойнына су ағып.
Сұлу-ақ Алматы көктемi,
Қайғысы жоқ, тегi...
Тамшы боп терезең үстiне,
Тамғым кеп кеткенi...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Досқа

  • 0
  • 0

Сен кешiр менi...
Кешiре алмасаң өзiң бiл,
Басымды иiп, кiнәмдi бiлген сөзiм бұл.
Салмақтамастан ауыр сөз айтып жiбердiм,

Толық

Бүгiн сенiң туған күнiң...

  • 0
  • 0

Бүгiн сенiң туған күнiң...
Сыртта құйып тұр жауын.
Терезеге жақын келiп, жаңбыр үнiн тыңдадым.
Тамшы асығып, тырс-тырс тамып, салып жатыр есiме,

Толық

Өмiрдi кiтап демес кiм

  • 0
  • 0

Өмiрдi кiтап демес кiм,
Тағы бiр бетiн қайырдым.
Түкке де дайын емеспiн...
... Бәрiне-дағы дайынмын!

Толық

Қарап көріңіз