Өлең, жыр, ақындар

Өмiрдi сүю

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 368
«Құшсам» деген ғажап, үлде-бүлде нұр,
Көкiрегiмде баяғы арман бiрге жүр.
Қапылыста қағып қалды қылтамнан,
Қиқаң ете қалып едiм...
күлдi өмiр.
Тәттi үмiтпен аттанып ем ауылдан,
Өзiм ғана ыңылдайтын табылды ән.
Сынағынан қорғалап ем басымды,
Өмiр қатты тартып салды жағымнан.
Тағдырымнан ала алмастай ақымды,
Асықтым-ай талқанымды татуды.
Суға кетiп қалып едi қайығым,
Өмiр менi ескегiммен батырды.
Өмiр қызық: кешпесiмдi кешiрдi,
Түсiнбедiм, несi өнеге, несi үлгi?
Төрге ұмтылдым, лақтырды өмiр аямай,
Босағада бiр-ақ жидым есiмдi.
Орны бар ма жүрiп өткен iзiмнiң?
Тағдырыма қарауыл боп тiзiлдiм.
Құлап тұрып, мен де кеттiм батыр боп,
«Өмiр, саған көрсетем!» деп кiжiндiм.
Осы жауап өмiрiме ұнады,
О-һо, оның көзi сондай қырағы!
Минут сайын бөгетi әзiр өмiрдiң,
Сынағынан тағы өткiм кеп тұр әлi...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Неге екен, неге?..

  • 0
  • 0

Неге екен, неге?..
Өлеңiм қашып жүр менен,
Күндiз шақырам, iздеймiн оны түнде мен.
Тып-тыныш қана айдыным жатыр жел аңсап,

Толық

Аршаның иiсi, аршаның

  • 0
  • 0

Аршаның иiсi, аршаның,
Шөлiркей жұттым, тамсадым.
Ұмыттырдың да жiбердiң,
Күнiмнiң әуре-сарсаңын.

Толық

Хатқа жауап

  • 0
  • 0

Бәрін дұрыс аңғарғансыз,
Мен дәл сондай адаммын.
Таудай биік қорғандарсыз,
Бөлшегімін қоғамның.

Толық

Қарап көріңіз