Өлең, жыр, ақындар

Былғанышпын, әттең-ай, былғанышпын

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 211
Былғанышпын, әттең-ай, былғанышпын,
Шошаңдатам найзасын кір намыстың.
Қою шаңға белшемнен батып тұрып,
Шыңға да ұшқым келеді, шыңға да ұшқым.
Сақтай алмай періште-ақтығымды,
Кешіп келем өзіме жат ғұмырды.
Іздеп тауып, басыма қонып тұрып,
Әні басқа арымнан бақ түңілді.
Алдағанмен өзімді тазамын деп,
Қатал ойдан шегетін азабым көп.
Дарытып ап қылды да, қыбырды да,
Соным үшін жанымды қажадым кеп.
Жаздан жадау нұр сіңіп, күзден – күрең,
Жалықтым-ай таптаурын ізден кілең.
Өзім қолдан ұшырып алғаннан соң,
Періштелік әркімнен іздеп жүрем.
Басқа мінез жамайды жылдар маған,
Дегенімде тырысып тұрған болам.
... Мені қайта сәби ғып әлдилеші,
Қойнауына тазалық тұнған ғалам!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кеудемдi тербетiп арман

  • 0
  • 0

Кеудемдi тербетiп арман,
Ояттым ұйқыңнан сенi.
Дүние шаршаған, талған,
Жайнаған жаз кешi едi.

Толық

Анда-санда ақыл кiрiп, ес кiрiп

  • 0
  • 0

Анда-санда ақыл кiрiп, ес кiрiп,
Ойлай қалсаң, санаң – сарсаң, iшiң – у.
Ең қиыны – шаршап келiп кешкiлiк,
Бiр күнiңнiң босқа өткенiн түсiну...

Толық

Досқа

  • 0
  • 0

Сен кешiр менi...
Кешiре алмасаң өзiң бiл,
Басымды иiп, кiнәмдi бiлген сөзiм бұл.
Салмақтамастан ауыр сөз айтып жiбердiм,

Толық

Қарап көріңіз