Өлең, жыр, ақындар

Бүгiн ай туды...

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 437
Бүгiн ай туды...
Қиық ай.
Бетiне сәуле де тұрақтай алмай.
Жайлы ай боларсың-ақ талайға...
Күбiрлей бердiм:
– Есiркеп едiң ескi айда,
Жарылқай гөр, – деп, – жаңа айда.
Өмiрiм менiң үмiтсiздiктен құралған,
Жаңа ай сынды жақсыдан уәде етедi.
Ей, қиық ай,
Сен толғанша бiр арман,
Менi әлдилеп, өбектеп жүрсе, жетедi.
Алданғышпын ғой...
өзiмдi-өзiм тағы алдап:
– Ай тiгiнен туды, жақсы ай болады, – деп тұрмын.
Несiне күрсiнем?
Тiрлiк боп қонған маған бақ,
Бәрiне көнем, бәрiне көнем тепкiңнiң.
Қиық ай – менiң қызық мiнездерiм секiлдi,
Өз уақытыңда сен де күлерсiң, жыларсың.
Мен де күндердi өткiзем бастан не түрлi...
Бос өткен күнге пенде несiне қуансын?..
Бүгiн ай туды...
Сәулесi аз оның, сәл өлеусiреп жанады,
Жаңалық күтiп қарау да бекер тамсанып.
Үмiтсiз өмiр ғой...
Ескi айда есiркегенi шамалы,
Жаңа айда жарылқай қояр дейсiң қаншалық...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мына өмiр серуен десек те

  • 0
  • 0

Мына өмiр серуен десек те,
Дәл қазiр қызықтан алыспыз.
Купеде, үстiңгi төсекте,
Ұйықтап жатыр бiр орыс қыз.

Толық

Сен менiң тылсым әнiм ең

  • 0
  • 0

Сен менiң тылсым әнiм ең,
Сағынып жүрiп тауып ем.
Жалығар ма екен сенен де,
Жалыққан жүрек бәрiнен...

Толық

Ара – шалғай

  • 0
  • 0

Ара – шалғай:
сiзде – күндiз, менде түн.
Бiздiң жақта түн қымтаған жер бетiн.
Сiздiң жақта қызып жыбыр тiршiлiк,

Толық

Қарап көріңіз