Өлең, жыр, ақындар

Мен өзiм қарлығаш-өмiрмiн

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 203
Мен өзiм қарлығаш-өмiрмiн,
Ұшсам деп қатайтқан қанатын.
Желiгi желпiнткен көңiлдiң,
Самғаса аспан тар болатын.
Құлшына көз тiгiп қияға,
Мен көктi болжаймын ырыс деп.
Сәт сайын жып-жылы ұяма,
Тiстеп кеп төсеймiн сынық шөп.
Бөлендiм тiршiлiк ырқына,
Кейде мұң, кей шақта күлкi үйiр...
Тасып кеп, ұямның сыртына,
Саз балшық жағамын бiр түйiр.
Сеземiн, жаздың бiр таңында,
Ұяма орнайды құт бекем.
Алдырмас жауынға, дауылға,
Мен iздеп тапқамын ық мекен.
Сол ұям биiкке iлiнген,
Беймаза жаныма гүл бөлер.
Тағы бiр қарлығаш-ғұмырмен,
Тағдырым табысар күн келер.
Ұлы iстер күтiп тұр қанша сан,
Бақыт қой, келмейдi жаңылғым –
Жем тасып жүруден шаршасам,
Аузына балапандарымның.
Әзiрге бейнет те баяғы,
Әр қылын өремiн күн-түнi.
Қарлығаш-өмiрдiң баяны –
Ұямды бiтiрем бiр күнi.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сен неге көзiме көрiндiң?

  • 0
  • 0

Сен неге көзiме көрiндiң?
Жүрек бiр бұлқынып қалды, әнi...
Өзiм де түсiнбес өмiрмiн,
Бiтпейтiн қиялы, арманы.

Толық

Өлдi адам

  • 0
  • 0

Өлдi адам.
Өмiр немене?
Сөндi де тiрлiк көрiгi,
Топырақ өстi төбеде,

Толық

Таңертең. Трамвайда

  • 0
  • 0

Әне, бiздiң трамвай жақындады,
Мен осылай қарсы алам күнде күндi.
Кондуктордың таңдай тақылдады,
Көрсетейiн жолақы-билетiмдi.

Толық

Қарап көріңіз