Өлең, жыр, ақындар

Құлағанжар

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 182
Бiр таудан ағып түскен құлап аңғар,
Ел оны атап кеткен «Құлағанжар».
Топталып тобылғы өскен маңайына,
Жан-жағы құба белдер...
құба адамдар...
Мұңлық тау не аңсады, не тiледi –
Бiр күнi жыртылыпты көкiрегi.
Әлде ол тек тау болып тұра алмайды,
Әлде ол өткенiне өкiнедi?..
Бұл да бiр таудың кешкен өмiрi едi,
Осы тау – жан дауасы, көңiл емi...
Иiр жол ауыл жаққа бұрылғанда,
Алдымен «Құлағанжар» көрiнедi.
Асығып, қауышпаққа қауымменен,
Бiр ысып, бiр суыйды тәнiң, денең.
Тау тұр ма, «Құлағанжар» орнында ма –
Ә, онда аман-сау ғой ауыл деген...
Шалы да, баласы да машықтанып,
Бұл таудан жатыр қанша асып халық...
Сол елдiң қасiретiн жатқан сынды,
«Құлағанжар» көшкiнi басып қалып.
Кие ғой «Құлағанжар», «Құлағанжар»,
Жан-жағы құба белдер...
құба адамдар...
Ей, тауым, естимiсiң? – мынау ұлың,
Бiртүрлi қимай жүрген бiр адам бар...
Не iстесем екен ендi, «Құлағанжар»?..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әттең, әттең...

  • 0
  • 0

Әттең, әттең...
бәрiн қиып кетер ем,
Өртенгенмен iшiм мың,
Баяны жоқ iсiм – мұң.

Толық

Мен бәрiн де түсiндiм...

  • 0
  • 0

Мен бәрiн де түсiндiм...
Сен деп тiккен туымды, келмеп едi түсiргiм.
Менiң аққу мүсiндiм,
Қош айттым да өткенге,

Толық

Қуанышқа тұр едiм жүгiргелi

  • 0
  • 0

Қуанышқа тұр едiм жүгiргелi,
Кенет қара жер неге дiрiлдедi?
Кең көшеде зулаған бiр машина,
Қағып кете жаздады бүгiн менi...

Толық

Қарап көріңіз