Өлең, жыр, ақындар

Орын аға

  • 02.09.2021
  • 0
  • 0
  • 262
(Маңғыстаудың өнер бағбаны Орын Құлсариевке)

Орын аға орнын тапқан өнерден,
өнерімен өсіп-өніп, көгерген.
Күймен бірге күмбірлесе ол егер
көзін алмай қол соғады көрермен.
Мәңгі орнығу әуезді, әсем тұғырға
өнерменен егіз деген ұғым ба —
дирижер да, күйші де өзі, өнердің
еш түрінен жерінбеген ғұмырда.
Орын аға, жақсылыққа жаршысың,
үлгі болды өзгелерге қанша ісің!
Қаншама жыл тер төктің сен татсын деп
әр көкірек әсемдіктің тамшысын.
Танылатын көңілдерде жаз бары
тіршіліктің сен оятқан аз ба әні?
Қаншама жыл тер төктің сен қалсын деп
әр жүректе сұлулықтың саздары.
Өнер десе өрге жүзер арманы
шәкірттерің майысқан бал бармағы
ойда-қырда домбырасын шалқытып,
қаншама рет қобыз болып сарнады!?
Жылдар бойы ерген өрен ізіңнен
Маңғыстауға маржан болды тізілген.
Салтанатың арта түсер әрқашан
өнер сүйген ауылдас, ұл, қызыңмен.
Сан дарынға елі танып, еркем дер
жол ашқан сен, мақтан тұтар ертеңдер.
Сені көріп қайта оралған секілді
асатаяқ, сыбызғы мен шертерлер.
Ашықтықтан ажырамасын көгі елдің,
таусылмасын сырлы сазға бөлер күн —
аймағымда мәңгі көктеп тұрсын тек
сен баптаған бәйтерегі өнердің...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бәрі бірдей адамның

  • 0
  • 0

Бәрі бірдей...
бәрі бірдей адамның,
ей, шырағым, сөзге неге қадалдың!?
Біреуі тек өмір күйін шертеді,

Толық

Таскескенде

  • 0
  • 0

Жөн сұрасып, жалпылдап халді ұғысқан
таныстар мен шу еккен бар дыбыстан
жасырына жылт етіп шыға келіп,
балалығым қарап жүр әр бұрыштан.

Толық

Айналасың бір тынбай

  • 0
  • 0

Айналасың бір тынбай
Шырша маңын қуанып.
Төгетұғын күлкіңді-ай
Шаттығыңа суарып.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар