Өлең, жыр, ақындар

Маңғыстаулық ағалар

  • 03.09.2021
  • 0
  • 0
  • 291
(Тілеген Өрісбаевқа)

Мамықтай ақ көбігі ерінде ұйып
қалатын бал шұбатты келін құйып
отырса ,—
Маңғыстауда
Әз ағалар
сезінеді өзін патша, жерін — биік.
Демейді ауыл шалғай, атым — арық,
машина, самолеті жатыр ағып.
Керексе жылқыларын үйірінен
арқардай отырады атып алып,
Ағызып еңбегімен бұлақ қырдан,
зейнеттен несібені сұраттырған.
Сүйдіріп көкіректі сол самалға
даланың дархандығын мұрат қылған,
Келтірсе домбыраның құлақ күйін,
сұлу үн елестетіп бұлақ биін,
кеудені сұлу сазға толтырғанда
оларға дүние құны бір-ақ тиын!
Шұбатсыз жүрмейді,
емес шарапқұмар ...
байлығын тауыспайды санап бұлар.
Баптаған жүйрігінің бәйгесіне
«Волгаға» мініп келіп қарап тұрар...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қара алтыны халқымның

  • 0
  • 0

Мұнай... мұнай — сары май, қап-қара май,
келбетіне халқымның жаққан арай.
Бейнеті мол қазақтың жерін кеулеп,
байлығына айналған баққа қарай.

Толық

Сезімді тот басады

  • 0
  • 0

Сезімді тот басады... тот басады...
болады оның да, жас, қатпа шағы...
Оның да жұлдыздары жанып кейде
басынан күні өтіп, бақ қашады.

Толық

Балдақты жігіт

  • 0
  • 0

Білемін, — жармасып,
Бір үміт, бір күдік, —
Келесің сен маған көзіңде сыр тұнып.
Үнсіз мен,

Толық

Қарап көріңіз