Өлең, жыр, ақындар

Май жыры

  • 05.09.2021
  • 0
  • 0
  • 638
Айналам масайрап,
Әндетті, гулетті.
Гүл жайнап, құс сайрап,
Лаулатты күн көкті.
Сылдырап жапырақ,
Бұталар ырғалып,
Сұңқылдап жамырап,
Шоқ талдар ым қағып.
Осынау мәз күнді,
Кеудеме тұндырсам! —
Естіп шат наз үнді,
Жаңғырсам, құлпырсам!
Махаббат — дүние,
Мәз-мейрам келбетің.
Жасадың сүюге,
Жайнатып жер бетін.
Бердің сен мейріммен,—
Бағың гүл ұсынды.
Бердің дән егіннен,
Шырындай сусынды.
Кел, досым, тезірек,
Еркеле кеудемде!
Өзіңдей елжіреп,
Ғашықпын сәулеңе!
Табады ландыштар,
Орманнан саяны.
Аспанға зар құстар,
Қанатын жаяды.
Ал маған бір ғана,
Махаббат сыйын бер.
Сонымен нұрлана,
Жүрегім сүйінер.
Сүйе біл, досым сен.
Алдыңда бағың бар.—
Махаббат хошымен,
Бақытың табылар.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көздері-ай маған қараған...

  • 0
  • 0

Көздері-ай маған қараған...
Есімде ерін, төсі де...
Жүрегім, тәнім жарадар —
Бәрі жоқ. Бәрі есімде.

Толық

Игілікке тілектес жандарға

  • 0
  • 0

Ақындарда құпия сыр болмаған,
Ал, ұстамды ақындарды күндіз күні де
Шырақ жағып іздесең де таба алмассың;
Қара сөзбен айта алмағаныңды, –

Толық

Таң сәрілеп атарда асханада...

  • 0
  • 0

Таң сәрілеп атарда асханада,
Қандай да ұрыс төбелес болмасын,
Қандай балағат сөздер тілге алмасын:
Қожайын, зар қағып, ашық ауыз,

Толық

Қарап көріңіз