Өлең, жыр, ақындар

Қырдағы гүл

  • 05.09.2021
  • 0
  • 0
  • 479
Айдалада қызыл гүл,—
Көрді соны жас бала.
Аймалады, қызықты,
Иіскеді бассала.
Жұтты еркін жұпарын,—
Айдалада қызыл гүл,
Аймаласаң өзің біл!
«Майыстырам сені мен,
Қызыл гүлім, наз гүлім,» —
«Қадаламын қолыңа,
Жоқ қой менің жазығым!»
Айдалада қызыл гүл,—
Аямасаң өзің біл!
Жұлды бала жасқанбай,
Гүл тұр еді бұлғаңдап,
Қызыл қаны аққандай,
Дір етті гүл қызғалдақ
Зәбірлі қол батқандай.
Айдалада қызыл гүл,—
Аймаласаң өзің біл!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әрбір күмбезден күмбез өсіп...

  • 0
  • 0

Әрбір күмбезден күмбез өсіп,
Ағыстар ағып бәрінде қайталаған,
Көріп сансыз күмбездерді күнде өскен,
Табиғаттың шексіздігіне көзің жетер.

Толық

Жалғыз және барлығы

  • 0
  • 0

Қоштасып өзімен-өзі мәңгілік,
Тиместен залалы ешкімге де –
Шексіз дүниеге кетті еріп.
Адамзатқа беріп ақыл-ойды,

Толық

Теңіздегі тыныштық

  • 0
  • 0

Кеткендей қалғып су беті,
Тұп-тұтас көктің көбесі.
Сұрланған теңіз суретін
Шолады шошып кемеші.

Толық

Қарап көріңіз