Өлең, жыр, ақындар

Күтпеген көктем

  • 05.09.2021
  • 0
  • 0
  • 446
Туды ма, расымен,
Жарқырап шуақ күн?
Жайнады жасыл кең
Аясы гүл бақтың.
Мынау не, ну айдын —
Егін бе, тоғай ма?
Бұлақтар тулайды,
Асыр сап маңайда.
Көгім де, көлім де,
Күмістей жайнайды.
Қанаты алтындай,
Балықтар ойнайды.
Бұлттармен жарысып,
Құстар да масайрап,
Мәз болып бәрі, ұшып
Ән шырқап жүр сайрап.
Жағада, ну белде,
Мәз болып еркелеп,
Сүңгіді гүлдерге,
Әуесқой көбелек.
Елтисің жұтқанда,
Хош ауа бал исін;
Маужырап ұйықтауға
Рахатпен қалғисың.
Жел шіркін ойнақтап,
Шоқыны тербейді.
Сондай-ақ ой қаптап,
Мені де меңдейді:
Жібектей сөз шырмап,
Кеудемді буады.
Бақытты сонырқап,
Наз жырым туады.
Дел-салмын сол бір шақ,
Ұмытып өзімді.
Жыр-бикеш, жай құшақ
Биледің сезімді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Төрт бақыт

  • 0
  • 0

Араб еліне Аллам сыйлаған
Төрт құдіретті бақытты.
Жүрек төріндегі қуаныш пен батырлық
Ешқашанда сөнбеген.

Толық

Көздері-ай маған қараған...

  • 0
  • 0

Көздері-ай маған қараған...
Есімде ерін, төсі де...
Жүрегім, тәнім жарадар —
Бәрі жоқ. Бәрі есімде.

Толық

Жаңа өмір

  • 0
  • 0

Жүрек-ау, жүрек, мұның нең,
Сен неден сонша қысылдың?
Шошынам мына түріңнен,
Келеді соны түсінгім.

Толық

Қарап көріңіз