Өлең, жыр, ақындар

Бақташы зары

  • 05.09.2021
  • 0
  • 0
  • 427
Тұрып таудың басында,
Сайға төніп қарадым.
Мұндай қиын асуда,
Сүйенгенім таяғым.
Қойларымның соңынан,
Итімді ертіп жүгірдім.
Тас қиядан, шоғырдан
Өттім әрең, сүріндім.
Бәйшешекке толқынды,
Қызықтым да қарадым.
Жұлдым, бірақ сол гүлді,
Алып кімге барамын?
Дауыл менен жауыннан,
Кәрі терек қорғады.
Таныс есік жабылған,—
Көрген түстей сол-дағы.
Күркіресе, жай өтсе
Сол үй тұсы жарқылдар.
Кетті сәулем келмеске,
Кім бар енді зар тыңдар?
Сол сүйіктім жоғалған,
Жат өлкеде жүр білем.
Шәй-шәй қойым, бас жылдам,
Мұң арқалап жүрмін мен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көңіл әлемі

  • 0
  • 0

Барлық жерде сендер,
Шашылыңдар көк аспанның төрінде,
Қасиетті адамдар тойдан кетіп,
Көтеріңдер өмірді, бұзып-жарып,

Толық

Шах Бехрамгер...

  • 0
  • 0

Шах Бехрамгер,
Өлең-жырдың, тәтті бал-шырынын ашып бізге,
Көңілі қалап оның тілін тапқандай.
Бойжеткен қыздың ерекше бір қуанышты,

Толық

Аңшының кешкі әні

  • 0
  • 0

Серуен құрып, аң аулап келем далада,
Тоғайларды аралап, қолымда мылтық..
Сенің жарық нұр жүзің
Көз алдымда елестеп,

Толық

Қарап көріңіз