Өлең, жыр, ақындар

Түнгі жыр

  • 05.09.2021
  • 0
  • 0
  • 484
Жұм көзіңді, аймаласын өлеңім,
Қалғыдың ғой, сәулем, енді бұйықпа.
Сырнайымның наз күйіне бөледім,
Тәтті не бар бал-ұйқыдан? Ұйықта!
Сырнайымның наз күйіне бөледім,
Айналады ай сәулесін құйып та.
Айналады ой тербетіп өлеңім
Тәтті не бар бал-ұйқыдан? Ұйықта!
Оймен бірге мен де жүйткіп желемін,
Қараңғы жер жатсын мейлі тұйықта.
Толқын тартып көкте қалқып келемін,—
Не бар тәтті бал-ұйқыдан? Ұйықта!
Қараңғыда қалдырып жер белеңін,
Мінгізген сен ақ қанатты иыққа.
Күбірлейсің ертегінің өлеңін,—
Тәтті не бар бал-ұйқыдан? Ұйықта!
Күбірлейсің ертегінің өлеңін,
Ұйқы басты, енді сәулем, бұйықпа.
Жап кірпікті, жырға сені бөледім,
Не бар тәтті бал-ұйқыдан? Ұйықта!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қалам

  • 0
  • 0

Игілік қой бұл ғаламда қамыс та,
Сәулетіне соның да таң қаламын.
Дүниеде сен де содан қалыспа,
Жаз өлеңді, шыбығым сен, қаламым.

Толық

Орман патшасы

  • 0
  • 0

Кім ол, кешкі қараңғы ақшамда шауып шырықты бұзған?
Шабондоз екен жас баласымен кешігіп келе жатқан.
Жас бала қорқыныштан, әкесіне жабысып алған;
Шал оны құшағына қысып, жылытқан.

Толық

Зылиха

  • 0
  • 0

Бұл сәтті қайтіп бүркеймін?
Бақытқа енді бас ұрам.
Ұрымды сотқа бермеймін,
Олжамды алған жасырам.

Толық

Қарап көріңіз