Өлең, жыр, ақындар

Ақын

  • 06.09.2021
  • 0
  • 0
  • 267
Ессіз болма,
Есігіңді аш айқара, келген жанға!
Адам болдым мен бұл әлемде,
О дегенім – өмірде күрескермін!
Қарашы мына жаратқаныма, –
Махаббат түсінің алдағанын,
Күнделікті өмірдің алдамшы екенін де,
Жарық қырағы көзіңмен оқып білерсің.
Жақсылық пен туралық тұрар мәңгілік өмірде деп,
Жалған дүние, шіркін, тұрмас мәңгілік деп,
Адал ниетіммен әңдеріме қанат беріп,
Жүректің адалдығын жырға қосып, өлең айттым.
Қасық қанымды да, жанымды да аямадым,
Бар өмірімде жақсылармен бірге болдым.
Маған қарап тұрса екен, шіркін,
Бар тамаша, ғажап, әсем, сұлу жүректер,
Мәңгілік махаббаттың нұрын жағып.
Күннен күнге мәңгілік өмірге жол салар,
Бүгінде саусақтарыңмен санайтын – қолыңды бер.
Маған да жәннәт төрінен орын тиіп қалар!

1815



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жылаудан жұбаныш

  • 0
  • 0

Соншама неге мұңайдың?
Жүр ғой жұрт көңілді;
Жылаған, досым, түрің бар,
Көзіңнен көрінді.

Толық

Фульдің сұлтаны

  • 0
  • 0

Фуль деген алыстағы қалада,
Хан-сұлтан өмір сүрді.
Ғашығына сыйға тартар алтын құмырасын
Құпияда жасырып сақтап жүрді.

Толық

Көл жағасында

  • 0
  • 0

Шіркін өмір, көңіл-күйім, тыныш бағып,
Еркін, кең тыныс алам.
О, табиғат, қандай керемет бал шәрбат,
Сенің құшағыңда бірге болған!

Толық

Қарап көріңіз