Өлең, жыр, ақындар

Тыныштану

  • 06.09.2021
  • 0
  • 0
  • 263
Махаббатынан айырылған,
Қамыққан көңілдің орны толмас
Қайғы-қасіретке келеді алып.
Соншама тамаша-ғажап,
Қайда енді бәрі, қалай сен өмір сүріп,
Қалай сол кезде тыныс алдың?
Соншама сүйіктім не болды?
Дүниетанымда көркемдік
Сезімдерін мүлде өшірген,
Көңілсіздік басқан көңілді,
Бекер басталған бостан бос іс.
Кенеттен естіліп әннің дыбысы сенің төбеңнен,
Бақыт құсының қанатында жоғалғандай,
Ешбір жан да тең келмес сұлулығымен сені,
Ән-жырының күшті қуатымен жеңіп алды.
Неге ағады соншама сенің көз жасың?
Жыла, жылағын,
Шаттықтың көріп азабын!
Ән мен күйдей құдіреттімнің ісі, көз жасы да!

1825



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өзіне тең бар дейтін ақын бар ма

  • 0
  • 0

Ұсынып өзінің тек атын алға —
Өзіне тең бар дейтін ақын бар ма?
Силап бір сырнайшы да, тәлім тұтып,
Өзінен асқан бар деп мақұлдар ма?

Толық

Қызғалдақ

  • 0
  • 0

Балбыраған бәйшешегі баулы бақ.
Бұлақ аққан күміс суы сылдырап.
Желпінеді жиегінде ақырын,
Алқызыл гүл, аласа бір қызғалдақ.

Толық

Бар бақытым – өзің!

  • 0
  • 0

Ауыртпалықтың уайым-қайғы салдарынан,
Көңілім өшіп, бар тылсымым, мен әбден әлсіредім.
Көз алдыма күңгірт-көмескі елестер келіп,
Қараңғы түннің тұңғиық, тереңіне батқандай,

Толық

Қарап көріңіз