Өлең, жыр, ақындар

Отырыста

  • 06.09.2021
  • 0
  • 0
  • 319
Көңілім менің көк жиекке жетелеп,
Қараптан қарап адасады:
Қаншама ұмтылғанмен,
Жұлдыздар шаһарына жолым қашан болмақ?
Жоқ енді,
Шарап ішіп, ән шырқап,
Шыны-шөлмектер сыңғыр қаққан,
Туралық жолын қолдаған,
Осында қалғым келед!
Кездейсоқтан кездесіп достар,
«Сұраса, саған не болған» деп, -
Жер бетінде өмір сүру,
Ең бір шексіз бақыт, – деп жауап берем,
Ешқашанда айырылмаспын,
Қасиетті туған жерімнен деп,
Шын ниетіммен, уәде беріп, ант етемін.
Біз дастарханда отырғанда,
Сусындама деп ешкім айтпас, –
Шәрбәт құйылған шынының әсем үні,
Сәндете қосылсын ақынның келісті жазылған жырыменен
Біздер де бөлінерміз кезі келсе,
Кім қайда, жер бетіне, –
Қазірше кел, шәрбат шынысын көтерейік,
Достық жолын бар өмірде.
Және денсаулыққа, амандыққа,
Өмірде – бақытты жандар үшін!
О бастан салт-дәстүріміз,
Бірінші тілегіміз патшамыз үшін:
Биік тақта отырып ол,
Қаһарымен хас жауларын қорқытып,
Аямаған жанын да!
Сол үшін ішіп қою керек.
Құмарлығымыз арта түсіп, ыдыстар толсын ендеше,
Әрбір жан сүйген жанын еске алсын.
Бір кездері мәңгілік ғашық болған,
Менің сүйіктім үшін,
Қос қостап, бірінен соң бірін ішем!
Үшінші кезекте тост көтерем,
Кім менімен көп жылдар бірге дос болып,
Біргелесіп шын жүректен
Қуанышым мен ренішімді бөліскендер үшін.
Біздермен біргелермен де,
Алыста жүргендермен де,
Достар үшін, достармен бір –
Шарап ішу қуанышты да, жеңіл де.
Өзімді-өзім тоқтата алмай
Шексіз қуанамын.
Достығымды мәңгі мадақтап жырлаумен,
Күнде айтудан жалықпаймын.
Кездейсоқтан біріміздің басымызға,
Жаман күндер туа қалса,
Бәріміз де біргелесіп,
Бір жан, бір тән болып,
Достар үшін қиындықты жеңгенше күресеміз!
Сеніңіздер енді маған,
Диірмен тасы көп болғанмен,
Жақын емес жету көк теңіздің жағасына,
Жолдар көп-ақ адастырған...
Өзге жандар да шарап ішер, бізге ұқсап, –
Қатал сөгіп жатпаймын, –
Жер бетіндегі бар жақсылыққа –
Сонда бізді жетелеп алып барар.

1802



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жылаудан жұбаныш

  • 0
  • 0

Соншама неге мұңайдың?
Жүр ғой жұрт көңілді;
Жылаған, досым, түрің бар,
Көзіңнен көрінді.

Толық

Бар еді, бар-ды құштары.!

  • 0
  • 0

Бар еді, бар-ды құштары.!
Бар еді-ау! Енді басқа күн:
Білемін бірде құшқанын —
Сол күннен бері қасқамын.

Толық

Жалғыз және барлығы

  • 0
  • 0

Қоштасып өзімен-өзі мәңгілік,
Тиместен залалы ешкімге де –
Шексіз дүниеге кетті еріп.
Адамзатқа беріп ақыл-ойды,

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар