Өлең, жыр, ақындар

Құдай мен биші

  • 06.09.2021
  • 0
  • 0
  • 288
Индия елінің аңыздарынан

Магадаев, әлемді билеуші,
Бізге алтыншы рет те түспестен,
Үлкен-кішінің бәріне де,
Өзі келіп жолықпаққа,
Сауран құрып қиындықта,
Көрмек үшін күйзеліс пен қуанышты,
Қазылық жасап өзі
Біздерді жазалап та, мадақтамақ .
Ол, жолшыбай шаршап-шалдығып шаһар кезіп,
Алыптарға сәлем беріп,
Әлсіздердің сөзін тыңдап,
Өзі бағыт алған жолға қайта түсіп,
Жүрісін жалғастырды әрі қарай.
Қораның жанында тұр,
Мұнтаздай боп, дөңгеленіп,
Қиғаш қасы қиылған,
Төменде тұр бір қыз.
«Сәлем, бойжеткен!» –
Қайдан келген жолаушысың
Бей уақытта адасып жүрген?
«Кімсің өзің?» –
«Мен бишімін,
Ғашық жанның үйін сен көріп тұрсың!»
Сылдыр қағып қолыменен салдырақтарын,
Орынында тұрып шыр айнала,
Мың майыса бар тұлғасымен,
Дөңгелене жөнелді.
Мейірімі түсіп, қызыға қарап белгісіз жанға:
«Кірген едік, шайтан қыз,
Сарай ішін жап жарық еттің.
Келші, аяғыңды сумен жуайын,
Күн оқ отынан қорғайын,
Жаңына сая болып жұбатайын,
Сен қалжырап әбден, шаршапсың!»
Қатал үнмен, құлымен сөйлескендей,
Биші қызбен сөйлесіп тұр.
Сенімсіз жандарға сенім беріп,
Сиқырлы күлкісімен адамзатқа нәр беріп,
Өмірден түңілгендердің көңілдерін таза көтерген.
Ол болса, таптап, төмендетсе де,
Еш бірінде де сезбегендей,
Басын иіп, наздана күліп,
Бір топалаңның болатының сезетіндей.
О, құдіреттім жоғарыдан,
Биіктерден көріп тұрғандай, сынағандай,
Бар сынақтан, бар үрей-қорқыныштан,
Сынап жәй-жәйлеп өткізгендей.
Алдамшы жазмышына жеткендей болып –
Қуаныштан байғұс бейшараның көзі жасқа толды.
Кедейшіліктің кепіні жүрегін жаралатты,
Керек емес оған сыйлығың,
Би билеуге де зауқы жоқ,
Сөйлесуге де сөзі жоқ.
Күн де батып, ымырт та жабыла бастады,
Жинақы демалыс орны, сүрелер де жиналып,
Бәрі де түнеріп, айналаға қараңғы жабылды!
Таң сәрілеп, ерекше бір құбылып,
Ұйқыдан түртіп оятқандай,
Демалыстан, өліп жатқан мейманын көріп,
Шошып кетті ол.
Бекерден бекер жылағын,
Құрдан құр айқайлағын.
Ойда жоқтан болған іс.
Абайсыздан жаратылған суық түсті өлікті,
От-шоқ жанған өр ұяға келеді алып.
Биші қыз есітіп қайғылы үнді,
Топты бұза ұмтыла жарып, жақындап келеді.
«Кімсің сен? Бұл жерде не бар саған, ессіз жан?»
Жан айқаймен сүйіктісінің алдына
Қара жерге сұлқ етіп құлап түсті:
«Мен жұбайымын құдай қосқан,
Менің де күйеуіммен бірге өлгім келеді!
Жер бетіндегі бар сұлулық,
От-шоқ жанып күл болар ма?
Ол менің бар бақытым,
Махаббатым болған өмірде,
Ол бақилық болса да мендік болар!»
Көпшіліктің ортасынан естіліп өлең-жыр:
«Бірге біз алып бара жатырмыз,
Бақи болған пендемізді,
Кәрі ме жас па,
Сұлулығын ешбірін де білместен!»
Сен ғұлама ғалымдардың сөзіне сен:
Ол сенің күйеуің еш болған емес,
Сен белгілі бишісің,
Сенің онымен ешбір байланысың да жоқ.
Тек билеп-төстеуші әйелдерге ғана,
Отқа жанып өртену пешенелеріне жазылған.
Адамның соңынан көлеңке ерсе егер,
Еркектің соңынан тек қана әйелі ерер.
Ойнасын сыбызғы-сырнай, ән-шырқалсын,
Жас бойжеткеннің от-шоқ жанғанын,
О, құдайым, қабыл алғын,
Қабылдаңдар жаңдарыңа соңғы көрген түстеріңдей!
Түсініңдер сендер, оның өмірден көрген,
Басынан өткерген қорлығын.
Айтылар небір қорлан әндер,
Шетінен қырылып өлген көпшілік ортасында,
Жалын атқан отқа түсіп өртеніп ол:
Сол бір от-шоқ ортасынан,
Құдай тұрды, аман-есен, дені сау боп,
Құшағына алып қызды,
Алыс биік аспан төріне ұшып кетті.
Бар күнәмді кешіргін деп сұрауменен
Сүйіктісі бір құдайдан.
Құдіреттім,отқа оранған қолдарымен,
Бақ-дәулетті адасқан құлдарына қондырды.

1797



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Балықшы

  • 0
  • 0

Жөңкілді толқын, шулады толқын,
Жағада отыр балықшы мүлгіп.
Тыныштық меңдеп судай бір салқын,
Езіліп жаны, отырды мұңлық.

Толық

Ақын-жазушылар қайда, байқалмаған?..

  • 0
  • 0

Ақын-жазушылар қайда, байқалмаған?
Жоқ енді ондай пенделер де.
Қобызшы қайда,
Өзін ерекше бір өзгеше жандай санаған?

Толық

Аңыз

  • 0
  • 0

Данагөй ақылымен
Барша әлемге даңқы шыққан,
Мөлдір таза, жаңадан атқан таң сәулесіндей боп,
Келеді періштемнің әйелі су алуға.

Толық

Қарап көріңіз