Өлең, жыр, ақындар

Махаббат әліппесі

  • 07.09.2021
  • 0
  • 0
  • 199
Махаббаттың әліппесі — шырын бал.
Кітаптардың төресі екен шынында.
Оқыдым мен әр бетіне зер салып,
Миллион бет — таусылмайтын мұңын да,
Тек, бес беттік ләззәт тұнған сырын да.
Айырылысу — бөлімдерге бөлінген.
Кездесулер үзіндімен берілген...
кіп-кішкентай тарауда.
Қайғының бір томы бар
Ұзақ-сонар бітпейтіндей көрінген,
Түсіндірме — беттері де терілген..,
Беу, Низами! Қасиетті сөздерің.
Айтар дейсің тек өзіңнен өзге кім?
Бұл түйінді шешетұғын кім екен? —
Ешкім де емес. Ғашықтардың өздері.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Хафизге

  • 0
  • 0

Қайран Хафиз! Қайтып саған тең келем?
Мынау неткен сандырақ!
Ұшқыр қайық шырқар құстай желменен,
Айдын жарып жарқырап.

Толық

Тышқандарды аулаушы

  • 0
  • 0

Күнделікті өмірде, сендер сүйер – әншімін,
Мен тышқандарды аулаушымын,
Көп жерлерде белгілі,
Бұл шаһарда да менің өнерім өте қажетті.

Толық

Ильменау

  • 0
  • 0

Армысыңдар, бауыры құт көк белдер!
Балалық шақ, бал дәуренім өткен жер!
Баяғыдай жап-жасыл боп жайқала,
Құшағыңды ашшы маған айқара!

Толық

Қарап көріңіз