Өлең, жыр, ақындар

Сиқыршының шәкірті

  • 07.09.2021
  • 0
  • 0
  • 380
(1797)

Қарт сиқыршы жөнелді!
Кеткеніне қуандым,
Табиғатқа мен енді,
Сұс болуды ойландым.
Сиқыршының сөздерін
Біліп, жаттап алғанмын.
Жас кезімнен сезгемін,
Құпиясын арбаудың.
Әй, сен жын, құй, бүркеп,
Мөлдір судан шашып нәр,
Сусын болсын өмірге,
Тереңнің кілтін ағыт, бар! —
Қанша су қажет моншаға,
Күбіні толтыр соншама!
Малайға кигіз шоқпытты,
Ал, сыпыртқы жөкені.
Мен бастаймын жұмысты,
Күніміз бірге өтеді.
Аяғыңды ашып кең,
Басыңды көтер, жөндеп ал.
Тоғайдағы сүрлеумен
Жүгір де тез суға бар.
Әй, сен жын, құй бүркеп,
Мөлдір судан шашып қор.
Сусын болсын өмірге,
Тереңнің кілтін ағыт, бар!
Қанша су қажет моншаға,—
Күбіні толтыр соншама!
Су тасушы, қара, әне,
Суды құйды күбіге.
Даяшыдан жылдам тез,
Санға кетті жүгіре.
Екі рет су әкелді,
Шелекпен сол батырақ.
Міндеті оның өтелді,
Суға толды екі бақ —
Жетті! Таста!
Құйдың ғой бәріне
Жүгірме босқа,
Тоғанға, елірме!
Бұл сөзім өтпеді,
Сиқырым жетпеді.
Келтірер қайта қалпына
Білмеппін-ау сиқырды!
Сұм сыпырғыш жұлқына.
Мазақтап нені жүгірді.
Бұлаңдап қайта келді де
Ғайыбына қайрылды.
Күбіден су еденге.
Нөпірдей боп жабылды.
Тоқтал, енді,
Қасақы!
Қоймасаң қысам мойныңды!
Ашумен қарап сұстандым,
Буырқантып таса ойымды.
Тоқтал дозақ сайтаны,
Үйді түгел жұтарсың.
Тақтадан нөсер саулаттың,
Есік алды толған тұнған су!
Сыпырғыш — сиқыр, құбылма,
Суыт ыстық мысыңды!
Қайт, кел, малғұн, қалпыңа,
Тап бұрынғы түсіңді.
Міне, мен темір қауғамен
Балтамды сүзіп алам да,
Орындықты қақ бөлем,
Шапшаң шауып қалам да!
Бір сілтесем, айрылар,
Қақ жарылып терегің,
Қажыған көп қайғыдан,
Дамыл табар жүрегім!
Қайғы асты!
Бақсыздық басты!
Екі жақ еден
Қозғалып тұрды,
Тақтайлар жедел,
Сапырды суды.
Малайлар самсап шелектеп,
Айнала сумен қапталды
Қорғауға нөпір — әлектен,
Қарт сиқыршы кеп қалды!
«Шақырып-ем, жындарды,
Жаңғыртуға ауламды
Қууға қайта бұларды,
Үйретпеппін арбауды.
Сыпырғыш, жоғал бұрышқа
Шірі, сиқыр жын аулақ!
Құлымсың сен, қарыспа,
Қаһарым соғар сені арбап.
Жындар, сиқыршымын
мен дана,
Сендерге не мен ғана.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жолаушының түнгі өлеңдері

  • 0
  • 0

Бар қайғы-мұңдарыңнан ада болып,
Сен де бір, аспанға қарап өзіңше,
Еселеген бақытсыздығыңды мүлдем жойып,
Екі есе бақытыңа бөленгендей боласың... –

Толық

Өлең және мүсіндеу

  • 0
  • 0

Мейлі грек, қара батпақ балшықтан,
Соға берсін әсем, кербез сымбатты,
Мейлі мәңгі сол мүсінге болып таң,
Төксін лебін жалын атып тым қатты.

Толық

Көздері-ай маған қараған...

  • 0
  • 0

Көздері-ай маған қараған...
Есімде ерін, төсі де...
Жүрегім, тәнім жарадар —
Бәрі жоқ. Бәрі есімде.

Толық

Қарап көріңіз