Өлең, жыр, ақындар

Рақат азап

  • 07.09.2021
  • 0
  • 0
  • 228
(1814)

Күндейді Жұртқа тіс жарма
Білсін тек дана сырыңды.
Өлімге ғана құштарға
Арнаймын мадақ жырымды.
Ләззатты күңгірт ымыртта
Нәресте бітер кезінде,
Маздаған майшам жым-жыртта
Ұққандай болдым өзім де:
Зұлмат түн құлы емессің!
Арманың шалғай алыста:
Дүниеде мынау көмескі
Асықсың ару ғарышқа.
Бел бекіп. қатар қанатың,
Сапарың сара сарнаған,
Отың да дайын жанатын,
Өлер шақ осы, пәруанам.
Өлімнен өмір басталған:
Ұғынбай соның жетесін,
Дүниеге мынау тас-талқан
Мейман боп, тұнжыр өтесің.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Суретшінің кешкі әні

  • 0
  • 0

Құдіретті күштің кен қоймасынан
Кеудеден ән шырқап, жанып оянар!
Жүрек төрінде бейбітшілік қаланып, өмір сүріп,
Жүзіктердің қойнауына бұлақтап ағар!

Толық

Достық жыры

  • 0
  • 0

Сезім мен шарап қосылып,
Жанғанда — жас шақ — маздағым.
Шырқайық, қалмай тосылып
Достықтың сиқыр сазды әнін.

Толық

Цыган әні

  • 0
  • 0

Ағынды тұман, басқын қар,
Түнерген орман, түн ортасы болған кез,
Үуһілейді үкі жылал жырақта,
Ұлиды шулап қасқырлар.

Толық

Қарап көріңіз