Өлең, жыр, ақындар

Хафизге

  • 07.09.2021
  • 0
  • 0
  • 280
Ләззатқа құл,— деп — тахт, тозаң,
Тәтті,— деп,— соры құлдықтың,
Таппаған халық таптың заң,
Түсіндің сырын тірліктің.
Қинайды бұғау, қысады:
Алмасып шипа, азабы,
Қара жер біреу құшады,
Арсыз бен біреу азады.
Зифамды көріп қалғанда
Алдымнан шыққан асығып,
Тіл қатсам қопал, аңғал да,
Дей көрме, Ұстаз, асылың.
Көгалды басса кебісі,
Шықпайды-ау сірә бір сыбыс.
Көз бен сөз қандай! Келісі
Керілген кербез Күншығыс.
Көрдің бе? Толқын бұрымы
Толқынды бұрқап бетінде,
Мойны мен жағын тұлымы
Желпіді желдің өтінде.
Тандырар естен біртіндеп
Оймақтай ауыз, ақ маңдай,
Оқисың дұға күбірлеп
Жыр бұрқап жанда жатқандай.
Ерінің көзің шалғанда
Қайран боп, жаннан күсесің:
Азат боп кенет жалғанда,
Бұғауға қайта түсесің.
Деміңді кері жұта алмай,
Ділге діл құлаш сермейді,
Бақыт бір нәзік жұпардай
Кеудеңді кеулеп кернейді.
От болып денең, жанасың!
Шарап құй! Бол тез, жүгірмек!
Қалдырмай тамшы қағасың!
Жаңасын әкел, кідірме!
Тосады шәкірт ақырын:
Mac кезде мінсіз кемелсің.
Түсінді ол Ұстаз ақылын,
Тұңғиық неткен тереңсің!
Әлемнің сырын ол ұқты,
Самғап жүр көкте енді ол.
Мұрт тепсіп, жаны молықты,
Жігіт боп шыға келді ол.
Сен болсаң — міне осындай,
Қаусырдың жан мен жаһанды,
Сезімпаз, дана досындай,
Бересің ымдап батаңды.
Тайсалмай уәзір, шаһқа кеп,
Такаббар ұстап өзіңді,
Қазынаны елден тықпа,— деп,
Айтасың ақыл сөзіңді.
Ой, жырдың жүрсің көгінде,
Ас пен топ сенсіз тола ма!
Кермек те тәтті өмірде
Бастай бер бізді молаға.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Хатем:

  • 0
  • 0

Ұрлық тумас себептен,
Ұры ғой себеп өзі де.
Ұрлап алды жүректен,
Ләззәтімді сезді де.

Толық

Амур – суреткер

  • 0
  • 0

Биік жартас төрде отырмын мен таң ата,
Қызыға қарап сәрілеп атқан таңда, тұманға,
Қызыл, қоңыр түрлі түске боянып,
Ұзына бойы созыла кең далаға тараған.

Толық

О, сендегі жоғарғы билік неге керек..

  • 0
  • 0

О, сендегі жоғарғы билік неге керек
Қаншама махаббаттың бақытына сенбегенмен,
Жарқырап та ол біздерге көрінбегенмен,
Болашақты болжап білу тек бізге жазған!

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар