Өлең, жыр, ақындар

Ақын

  • 07.09.2021
  • 0
  • 0
  • 359
(1815)

Аш маған пейіш есігін,
Мұқатпа, мен мейманмын!
Адам — менің есімім,
Ерімін, тірлік — майданның.
Жарам көп қой кеудемде,
Нұрлы көзбен қарашы,—
Алдамшы ләззәт — шерменде,
Жалған өмір жарасы.
Жырладым мен фәнидің
Ізгілігін мәңгілік.
Наз жүректің налуын,—
Аң сеніммен жаңғырып.
Қанымды қиып қанша көп,
Алғы сапта толғандым.
Жүрегі маған жансын деп,
Махаббатшыл жандардың.
Маған шақ орын пейіштен!
Қолыңды бер, аңсадым.
Тірлікті мәңгі, періштем,
Санасын енді саусағың.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ай толықсып шыққанда

  • 0
  • 0

Қайтіп мені қалдырдың?
Қасірет енді жаныма!
Бұлтты кеудем қалың мұң.
Сен жоқтықтан алдымда!

Толық

Балықшы

  • 0
  • 0

Жөңкілді толқын, шулады толқын,
Жағада отыр балықшы мүлгіп.
Тыныштық меңдеп судай бір салқын,
Езіліп жаны, отырды мұңлық.

Толық

Салыстыру

  • 0
  • 0

Дала гүлін теріп алып,
Мен сандырақтаумен,
Ойға шомып, үйге қайттым.
Менің қолымның жылуынан,

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар