Өлең, жыр, ақындар

Адасу

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 366
Жетіп жатыр құлағыма тамаша ән,
Күлкі думан жан-жағыңа қарасаң.
Құжынаған жұрт ішінде жүріп те,
Түсінісер жан таба алмай адасам.

Жүрегіңмен үндесе алмай қинайды ән,
Қинаған соң болсын жақсы күй қайдан.
Кейбіреулер жол таба алмай адасса,
Мен адастым шым-шытырық шимайдан.

Жан емес ем алып қашпа сөзге ерген,
Бір жұрнақ жоқ шуақты сол кездерден.
Сөйлесетін жан жолықпай адасса ер,
Мен адастым ішіп-жеген көздерден.

Арман әлі қол бұлғайды асқардан,
Жаңғырықтар жаңғырады тастардан.
Араласар дос таба алмай адасса ер,
Мен адастым қилы-қилы достардан.

Жазылғанды көру парыз пендеге,
Жүріп келем сүрінгенмен сенделе.
Жұрт көмбені таба алмай адасса,
Мен адастым жетіп тұрып көмбеге.

Жүре-жүре өкшем дағы желінді,
Әйнек көңіл сызат алып бөлінді.
Жұрт еліне жете алмай адасса,
Мен адастым құшып тұрып елімді.

Өлең жырмен талайлардан бата алдым,
Шолпы тағып бұрымды қыз атандым.
Бұл адасу бақыттырақ басқадан,
Құшағында қалсам болды Отанның!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мәңгілік жыр жазайық

  • 0
  • 0

Бірге жүрген күндердің,
Сағаттары жүйрік пе!
Әміріне жүректің,
Айта алмайсың билік те.

Толық

Шешеме хат

  • 0
  • 0

Қырда гүлім көктеді деп қуандың,
Жайқалтам деп шақырымнан су алдың.
Қас-қабағын бақтың желдің жаңбырдың.
Ол шөлдесе бірге қаңсып қуардың.

Толық

Мұңдарға бейім жүрегім

  • 0
  • 0

Өзгені ойға алмайсың,
Бәрін де көзге ілмейсің.
Мұңдарға бейім жүрегім,
Күлуді неге білмейсің?

Толық

Қарап көріңіз