Өлең, жыр, ақындар

Сағыныштан у ұрттадым

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 223
Таулар маңғаз, нулар кербез, қыз керім,
Көктем мынау кім тағады бізге мін?
Бұлттар ғана жуып-шайып көшені,
Іздейді кеп Мұқаңдардың іздерін.

Мынау жатқан қалжыраған көшені,
Мұқаңдар көп аралаған деседі.
Көшеден із таба алмаған бұлт біткен,
Күрсініп ап, тауға қарай көшеді.

Әсем жырдан алқа- моншақ тағынған,
Қала мынау әннен шырақ жағылған.
Ақша бұлттар төге берме жасыңды,
Сен ғана ма мұқаңдарды сағынған?!

Қыз күбірін бұлттар қалай тыңдасын,
Үнсіз барып құшады кеп қыр басын.
Меннен гөрі бақыттысың ақша бұлт,
Тым болмаса көріп қалдың тұлғасын.

Сағыныштан у ұрттадым дерт іштім,
Қиялымда қарлығаштан ерте ұштым.
Сағынғанын білмейді ғой Мұқаңдар,
Бас жағында өскен қыздың Ертістің!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сен барсың

  • 0
  • 0

Сезсем де мына өмірдің жалғандығын,
Келемін аялаумен арман гүлін.
Құлпырып кеттің десе құрбыларым,
Ол менің сеннен хабар алған күнім.

Толық

Қыр гүлі едім

  • 0
  • 0

Қыр гүлі едім жас тұлпар,
Басып кеткен тұяқпен.
Қалжырадым серпілтер,
Кем болып тұр күй әттең!

Толық

Досыма

  • 0
  • 0

Гүл жамылып тұрса да төңірегі,
Мынау қала елсіздей көрінеді.
Тым болмаса досым-ау бір келіп кет,
Өзің келмей табылмас көңіл емі.

Толық

Қарап көріңіз