Өлең, жыр, ақындар

Сапар - І

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 231
Арманыммен жүрсем де Ай мініп мен,
Тағдырымнан тамаша таңды күткем.
Шыққым келіп тұрады бір сапарға,
Сайланып ап сақадай сайгүлікпен.
Шемен көңіл шертпей шер – наланы,
(Сол бір күндер мен үшін ең бағалы) –
Жай отының жарысып жарқылымен,
Көктей өтіп кетсем бір ен даланы.
Мен жайлы сыр шертеді ғасыр әлі,
(Оны несін қалқатай жасырамын).
Туған жердің тау-тасын талықсытып,
Шырқасам ғой шырайлы ғашық әнін.
Шыңырауға шақырып шаттық үні,
(Қиялдаудың ойлашы тәттілігін)
Сағыныштың сапырып самалдарын,
Құлағыңа жетсе әттең ат дүбірі.
Теңбілкөктің төсінен тер ағызып,
Қиқу салып құйғытсам, және қызық.
Сапарыма сәт тілеп менің іштей,
Ұйқтамасаң түн бойы елегізіп...
Талықсысаң таң ата... (Түсін еркем),
Өмір сүріп жүрмін де үшін ертең.
Жапан дала төсінде жалғыз ғана,
Шауып бара жатып мен түсіңе енсем.
Мен солай бір жол тартсам тұлпар мініп,
Аспанымда шарықтап сұңқар мұңым.
...Дүбірлетіп жеткізсем дүниені,
Саған деген жанымның іңкәрлігін...

2003 ж.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мұңайма, жылама жаным

  • 0
  • 0

Мұңайма, жылама жаным,
Бұл маңда жұбатпас ешкім.
Онсыз да қасіреті қалың
Мынау бір сұп-сұры кештің.

Толық

Елес

  • 0
  • 0

Ай,
Мен үнсіздікке шомған Оның елесімен қатар ұштым,
Көгілдір дүниедегі сенің шұғылаңды жамылып.
Мен де айналдым елеске.

Толық

Гүл

  • 0
  • 0

Түн.
Балауыз шамның әлсіз жарығы
Жалауын жел жыққан кемедей
Қиялымызды иенге сүйреген.

Толық

Қарап көріңіз