Өлең, жыр, ақындар

Мазасыз түн

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 391
Шошимын түсіме еніп,
Дәруіштердің сараң ғұмыры.
Ұйықтайды жанарымның ішіне еніп,
Әлемнің бар қараңғылығы.
Қиялдың жүйрік атымен
Барып кеп балашағыма.
Түнеріп тағы да отырам
Бал ашып болашағыма.
Бастайды мені ойға сан
Батқан құндыз – күн.
Тағдыры жайлы толғатам
Аққан жұлдыздың.
Қашан бір осы тұманнан
Айығар алап.
Жетім жер үшін мұңаям,
Айыма қарап...
Сиқырлы самал өсегін
Таратқан лезде.
Талықсып қалғып кетемін
Таң атқан кезде.

2003 ж.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұлу

  • 0
  • 0

Еме, еме өскен ем Бөрі Анамның емшегін,
Көкірегіме құйып ап жанарымның мөлтеңін,–
Қияндарға жорттым сан сапар шегіп, жол шегіп,
Болсадағы тұманды бүгінімнен ертеңім.

Толық

Қаңтардың қай бір түні еді

  • 0
  • 0

Қаңтардың қай бір түні еді,
Қалған ем әйтеу қаңғырып.
Ұсынды маған жүрегін,
Жалғыздық деген – жарлы үміт.

Толық

Мінәжат

  • 0
  • 0

…Үһілемеші бейуақта.
Әр сөз – әмір.
Ауыр.
Қорғасын!

Толық

Қарап көріңіз