Өлең, жыр, ақындар

Дала

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 240
Дала!
Мен сенің қасіретіңді сезінем.
Асқар таулардың басын мұнар шалған.
Алайда, шексіздігіңді қиялдап көз ілем,
Ұшқан құстың қанаты талған.
Ылғи да бір ұзақ сапарға шығамын,
Сенің төсіңді шиырлап.
Кеудеңде шалқыған күйлердің қасиетін ұғамын,
Ноталар әуенінің тым тылсым құпиясынан құйылған.
Сен неге жатырсың дел-сал боп тым сұлық...
Жүзімнен ақ моншақ сырғанар.
Анау бір шатқалдар ішінде күрсініп,
Ағады жылғалар...
Қайғысын үдетіп қанаттар сусылы,
Кешкі бір шапаққа шомылған тырналар.
Мен Сенің осындай әуеніңнен оянғам,
Айғай мен ұранға тұншыққам және де.
...Қап–қара табыттың ішінде жатсам да
Көкірегім өзіңнің шұғылаңа боялар...
Рухым құс болып қалықтап әуеде.
...Бәлкім бір мұңлық кеп
молама жап-жасыл тал егер.
Ол сенің құшағыңда мәңгілік мәуелер...
Ал, егер...

2008 ж.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұйқассыздық

  • 0
  • 0

Мына ескі сарайды құстар мекендейді.
Бөренелер ежелгі сәнін еске салғанымен,
Өрмекшінің торы өткенін шимайлап тастаған.
Кептер мен қарлығаштың қауырсындары

Толық

Уақыттың шәлісін жамылып қаралы

  • 0
  • 0

Уақыттың шәлісін жамылып қаралы,
Басыңнан бір күн аунады ма ақыр?
Қып-қызыл қанға боялып тамағы,
Батыстың баба таулары жатыр.

Толық

Түн құшағында мүлгіген елес

  • 0
  • 0

Түн құшағында мүлгіген елес,
Қараша гүліндей солған.
Бірақ ол мен сүйген махаббат емес,
Қиялын кеңістік сорған...

Толық

Қарап көріңіз