Өлең, жыр, ақындар

Жүрек – бұлбұл болғанда, халқым – орман

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 257
Жүрек – бұлбұл болғанда, халқым – орман,
Шам жағады жолыма жарқын арман.
Ұшып-қонып сайраймын бұтағында,
Айтар әнін мен емес сарқып алған.
Қол бұлғайды болашақ әр күн алдан,
Даусың барда бақыт қой шалқып алған.
Мен аспанның сәулелі қуат-күшін
Қара жердей бойыма тартып алғам...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көкжиекке күн батты байып қарап

  • 0
  • 0

Көкжиекке күн батты байып қарап,
Алтын шашын аспанға шайып тарап.
Гүл көбелек ұша алмай жолда жатыр,
Жапырақтай дәрменсіз жайып қанат...

Толық

Білсең, маған жел емес, дауыл керек

  • 0
  • 0

Білсең, маған жел емес, дауыл керек,
Дауыл ұлын тербетер тауым бөлеп.
Бағынбастан өзінше өмір сүрер,
Қоныстанып тәнімнен жаным бөлек.

Толық

Көрмей жүрсем көркіңе шөлдейді екем

  • 0
  • 0

Көрмей жүрсем көркіңе шөлдейді екем,
Көрген кезде жалт беріп көрмей кетем.
Ғашық болып ауырған жүрегімді
Ғашық болып жүріп мен емдейді екем.

Толық

Қарап көріңіз