Өлең, жыр, ақындар

Сыртта нең бар?

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 358
Сыртта нең бар?
Тұғырға қон, жүрегім,
(Елегзідің, несіне елжіредің?)
Күткендей боп біреуді әлсін-әлсін,
Жолға қарап, жаутаңдап телміремін...
Өзіңе өзің туламай кел, жүрегім,
Әміріңе әлім жоқ енді менің.
Сағынған жан мені іздеп келер деген
Үміт отын қалайша сөндіремін?
Аспан, жермен, таулармен, теңізбенен
Тамыры бір тағдырлас егіз денем.
Бойыңдағы тартылыс қуатымен
Бар сияқты бір жұлдыз мені іздеген.
Көз алдымда ұршықтай тұрды құйын,
Қай жаққа ауып кетті екен жыр киігім?
Шырқауына жететін қиял ғана
Бар сияқты оқ жетпес бір биігім.
Жолдағандай сәлемге таулар гүлін,
Жомарттығын көрсетіп, заңғарлығын.
Шабыт болып мені іздеп келетұғын,
Бар сияқты аңсаған арман жырым.
Өңім екен деп қалам түсімді мен,
Түсімді мен кімге айтып түсіндірем?
Айналып бір қос қолым қос қанатқа,
Көк аспанда қалықтап ұшып жүрем.
Ұшып жүрем, бәлкім, бір жол жүремін,
Жол үстінде жолығар бар бір өмір.
Кеңдікті аңсап бұлқынған құс жүректі
Қалыпқа бұл мен қайтіп көндіремін?
Үміт отын қалайша сөндіремін,
Бір айналып әлемді кел, жүрегім!
Ей, адамзат! Жер түгіл аспанменен
Тағдырым бір сияқты енді менің!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Барамын өмір – теңіз көшінде ағып

  • 0
  • 0

Барамын өмір – теңіз көшінде ағып,
Бір арман, бір көкжиек есімді алып.
Алдыма жарық төгіп үміттерім,
Береді таңға сәлем кешім барып.

Толық

«Гәкку» – Күләш

  • 0
  • 0

Ән – өмір, сенсіз, тегі бүр ашпас ем,
Есіме «Гәкку» түсер Күләш десем.
Күләшсіз аққу әні жайып қанат,
Көгілдір көкжиекке ұласпас ең…

Толық

Сұңқарым!

  • 0
  • 0

Сұңқарым!
Танимын ғой шаңқылыңнан,
Таймайсың кеңістікке шарқ ұрудан.
Таймапсың, ту бұлттарды тіліп өтіп,

Толық

Қарап көріңіз