Өлең, жыр, ақындар

Арманыңа алтын орда аш менен

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 419
Арманыңа алтын орда аш менен,
Өшпейтұғын жазайын бір тасқа өлең.
Шу-шу етіп жапырағы қол соқсын,
Куә болып жылдарменен жасты емен.
Көкірегімнен ерке, мөлдір бұлақты аш,
Сол бұлақтай тау басынан құлап қаш.
Айна болып ай-жұлдызға айт барып,
Сапарласым, замандасым мұраттас.
Атқылатып жан-жүректің аш кенін,
(Асылдарын аспанға атсын жас көңіл).
Біз арқылы жаңғырсын да түлесін,
Зыр айналған жұмыр жермен жасты өмір.
Жүрек — сағат, іске қосып сыртылдат,
Сыртылынан ертеңгіге сыр тыңдат.
Қара жерден қазынаның барлығы
Қайнап шығып, жата берсін бұрқылдап.
Таңғы күндей гүлдерімнің аш бәрін,
Қара бұлтты жамылмасын аспаным.
Қалғып кетсем, қозғап оят, бүгіннің
Жазып беріп кетейін бір дастанын.
Әлемге бір қатайыншы асқақ үн,
Оят мені уақытпен қас қағым.
Шыққан күнде болмайды ғой шекара,
Шекараның тілін тауып аш бәрін.
Ақын — аққу, оған мылтык, оқталмас,
Оның тілі тіліп түсер отты алмас.
Көңілімнен бұлбұлымды сайратып,
Өмірімнен мәңгі жасыл көктемді аш!
Сен мені іздеп сапарға шық, тауларды ас,
Гүл боп шықсын жанарымнан тамған жас.
Жарық болып қара күннің қойнынан,
Армандасым, алаулаған таңдарды аш.
Ғасырласым, болсын ашық аспаның,
Аспаныңа тақсын жұлдыз шашбауын.
Дүниенің кілтін тауып, аш бәрін,
Өтінемін, тек соғысты ашпағын!..
Армандасым, сен ұқпасаң, жат ұқпас,
Алдандырмас алтын, гауһар, жақұт тас.
Менің мынау өлеңімнен өлмейтін
Мәңгілікті аш, ғасырларды аш, уақытты аш!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Асығады барлығы, асығады

  • 0
  • 0

Асығады барлығы, асығады,
Тіршіліктің арналы тасып әні.
Көзін ашқан ертемен ару күнім,
Көкжиекке еркелеп, асылады.

Толық

Әсемсің, сәл нәрсеге елеңдесең

  • 0
  • 0

Әсемсің, сәл нәрсеге елеңдесең,
Көріксіз болсаң көзге еленбес ең.
Шебер қол табиғаттың өзі жазған
Ұқсайсың керемет бір өлеңге сен.

Толық

Өмір деген бір өкініш, бір үміт

  • 0
  • 0

Өмір деген бір өкініш, бір үміт,
Мейлі, маған қарамғын бұрылып.
Қуанатын сәттерім бар ішімнен,
Құрдас болып туғандығың үшін мен.

Толық

Қарап көріңіз