Өлең, жыр, ақындар

Өмір деген бұтақты зор қарағай

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 262
Өмір деген бұтақты зор қарағай,
Асығады құшуға таңдағы арай.
Бір жапырақ тартады көкке қарай,
Бір жапырақ тартады жерге қарай!..
Бекінгені, белгісіз өкінгені,
(Тіршіліктің желге ұшар жетімдері).
Бір жапырақ бұрады бетін әрі,
Бір жапырақ береді бетін бері.
Ой орманын оңаша аралаймын,
Жазуға бір бауырын жаралы айдың.
Адамзаттың өмірі желге ұшатын
Жапырағына ұқсай ма қарағайдың?
Болашақтан күтемін даналық бір,
Қосатындай тірлікке жаңалық, түр.
Тыныс алып қойнында бабам жатқан
Қара жерден қарағай нәр алып тұр.
Өмір басқа әр түрлі салады ойлар,
Ашылғандай кеудемнен жаңа қайнар.
Тұғырдағы тұрғандай қыранға ұқсап
Қанат жайған жапырағы қарағайлар!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Халық әні

  • 0
  • 0

Талғампаз көңілімнің танығаны,
Даламның дауысындай халық әні.
Таба алмай теңізден бір «Гауһартасты»,
Сарғайып сүйген жүрек сағынады...

Толық

Қоңырсалқын

  • 0
  • 0

Ән салқын, айналаның салқын бәрі,
Тірліктің алдамайды жарқылдары.
Өмірдің бұрқылдаған қазанында
Қайнаған ойым неге салқындады?

Толық

Оттарына оты түсіп көзіңнің

  • 0
  • 0

Оттарына оты түсіп көзіңнің,
Бойыңды сәт, асау құйын, жел жеңді.
Көкірегіңе бастың... тартып сезімнің –
Нүктесіндей, серіппелі кеудемді...

Толық

Қарап көріңіз