Өлең, жыр, ақындар

Ағаш кескенде

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 277
Көз алдымда түтін менен сол ұшқын,
Қасіретін еске салып соғыстың,
Кесті тірі аңыратып ағашты,
Кеңітуге жүретұғын жол үстін.
Жапырағынан жанбайды енді шамшырақ,
Жапырағына қарамаймын хал сұрап.
Ажал тауып жүзінен қол араның,
Ардагердей құлап жатыр қансырап.
Күрсінгендей мейірімге шөлдеп күн,
Тағдырына ортақтасып жер-көктің.
Жапырақтарын зар жылатып біреулер,
Қолыменен қиып жатыр жендеттің.
Жапырақ — қозы көгенделген желіге
Уақыттың жамыраған желіне.
Жолын біреу кеңейтем деп бір күні
Қиып шетке тастар ма екен мені де?..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Келеді досым, ұғар күн

  • 0
  • 0

Келеді досым, ұғар күн,
Ертеңге елтіп, сенем мен.
Күреске солай, шығармын,
Қауырсын қанат өлеңмен.

Толық

Жаңа жұлдыз, жаңа аспан, жаңа маңай

  • 0
  • 0

Жаңа жұлдыз, жаңа аспан, жаңа маңай,
Қалай келгем барлығын бағаламай.
Шуылдайды шалғындар шертіп бір күй,
Толқындармен ойнаған шағаладай.

Толық

Жапырақтар сыбырлап «сүйдім» дейді

  • 0
  • 0

Жапырақтар сыбырлап «сүйдім» дейді,
Көңілімнен көктемдей күй гүлдейді.
Аспандағы ай, сыбызғы тартып түнде,
Әуенге елтіп, жұлдыздар би билейді.

Толық

Қарап көріңіз