Өлең, жыр, ақындар

Біреу олай, біреу бұлай мақтанар

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 304
Біреу олай, біреу бұлай мақтанар,
Әркім, рас, әр жолменен бақ табар.
Дұрыс деймін құпиясын біліп бір,
Оның бәрі есте қайтіп сақталар...
Ару қыздай шаштарын тұр тарап бақ,
Асқар таудан қанат жайды таң аппақ.
Жапырақтар желден үркіп ұшады,
Тал басына торғайлардай қонақтап.
Алтыбақан емес өмір тербелген,
Сенген достар, қалса көңіл сендерден,
Сая таппай, аяу таппай ешкімнен,
Кетер ме ұшып торғай жүрек кеудемнен...
Шабытымды шағып талай, құраған,
Жол үстінде жанбай қайтіп жүре алам.
Қолымдағы шырылдаған жүрекке
Қайырылмады, көз салмады бір адам.
Тағдыр солай көкірегімнен бір теуіп,
Жатыр едім бір төбені бүркеніп.
Қайран жүрек әлсіреген, жол соққан
Дір-дір етіп соңғы нұрын тұр төгіп...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өмірде бір қойып, өсек күңкілді

  • 0
  • 0

Өмірде бір қойып, өсек күңкілді,
Адамды адам танитұғын күн туды.
Ата-ананы таңдай алмайтындай,
Тағдырымнан бөле алмаймын ұлтымды.

Толық

Суретші боламын

  • 0
  • 4

Суретші болам өскенде,
Саламын туған даламды.
Қызарып батқан кештерді,
Жұмыстан қайтқан анамды.

Толық

Қысылғанда, кейде жолым болмай бір

  • 0
  • 0

Қысылғанда, кейде жолым болмай бір,
Көкірегімде шырылдайды торғай жыр.
Әр уақытта демеп, жебеп балаңды,
Ата-бабам аруағы қорғай жүр.

Толық

Қарап көріңіз