Өлең, жыр, ақындар

Ұмытыппын...

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 408
Ұмытыппын...
Бәрі-бәрі өзгерген,
Өзіме жат көрінеді өз кеудем.
Жан-жағыма жаутаңдап бір қараймын,
Жолығам ба деп балалық кездермен.
Алғанмын ба уақытқа ұрлатып,
Қайда маған бұрылмаған бір бақыт?
Аспанымнан ағып түскен жұлдыздай
Өз жүрегім өз кеудеме тұр батып.
Туған жұртта ойға талай баттым көп,
Бір өзінше қиялымда бақ гүлдеп.
Жар басынан қарап тұрмын, Ақсудың
Толқынымен толқын болып аққым кеп...
Туған жұртта ойға баттым не түрлі,
Салқын самал сүйеді кеп бетімді.
Сарқылып көп сағыныштан Ақсуым,
Арнасынан аунап кеткен секілді...
Қалай еді жастығымның әуені,
Аңсағаны аласа емес, тау еді,
Сәлем берген жас баланы танимын,
Әкесінің атын сұрап әуелі...
Бір тамшы жас тұрып қалды көзімде,
Берілгенде берілмейтін сезімге.
Толқыныңа қарай бердім, талпынған
Балалығым жатыр ма деп өзіңде...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Болады ертең тас та құм

  • 0
  • 0

Болады ертең тас та құм,
Болады ертең күн қандай?
Өмір дегенің қас-қағым,
Көзіңді ашып-жұмғандай...

Толық

Жастық шақ еске салып айларды өткен

  • 0
  • 0

Жастық шақ еске салып айларды өткен,
Құлашын қиялыма жайған көптен.
Барыңмен думандатып, базарыңмен,
Жеттің бе аман-есен, қайран көктем.

Толық

Кездеспедім неге өзіңмен ертерек

  • 0
  • 0

Кездеспедім неге өзіңмен ертерек
Көкірегімді өкініштен өртеді от.
Ай астында оңашада шертіп сыр,
Отырар ем мен алдыңда еркелеп.

Толық

Қарап көріңіз