Өлең, жыр, ақындар

Апа

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 427
Сен жастай қалдың...
Суын қанып ішпедің тас қайнардың.
Ал мен болсам – алқынып аққан бұлақ
Алтыдан жетіге сәл аспай қалдым.
Осылай сенің бағың жанбай қалды,
Жоқтау айтып жыладың, қандай зарлы...
Көңілде шер бар еді, көзімде жас,
Сол жас бірақ намыстан тамбай қалды.
Қан жұтып, жамылғанда қара шәлі,
Көрмедің тағдырыңа аласарып.
Саған біреу соқтықса, жүгірдім мен
Әкемнің ақ қамшысын ала салып.
Күшіңді тауға соғып, тасқа шаптың,
Ісіңмен, қылығыңмен досқа жақтың.
Күтімін көрмесең де өміріңнің,
Түтінін түтетпедің басқа ошақтың.
Жылыстап жеткен шақта жаныңа мұң,
Зарладың, запыран құстың, аңырадың.
Құлатпай әлі күнге келе жатсың
Әкемнің қолдан тіккен шаңырағын.
Мен де ержеттім ешкімнен олқы болмай,
Көрмеген мына баста талқы қалмай.
Қанша қызық көрсек те, келеміз біз
«Қара шалдың» орынын толтыра алмай...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Зілзалаға жыр-нала

  • 0
  • 0

Таулы мекен, гүл дала,
Жарасатын тұлғаңа.
Көз тоймайтын көркіңді
Жеткізе алар тіл ғана.

Толық

Жайлау жыры

  • 0
  • 0

Жамылса көк пүлішін анау қырлар,
Бұл күні көмей түгіл, танау жырлар.
Сапырылған сары қымыз сарынымен
Жай ғана әндетеді самаурындар.

Толық

Туған жер дала, белдері

  • 0
  • 0

Туған жер дала, белдері,
Шаршамай талай шарлаған.
Тыңдамай өтер кермені
Ендігі тұлпар мен болам.

Толық

Қарап көріңіз