Өлең, жыр, ақындар

Қараша үй

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 741
Қараша үйдің түндігі
Қараша желмен желпілдеп.
Соққанда дауыл сұмдығы,
Оттан да қорқып қым-қуыт.
Отыра алмай еркіндеп,
Араша бермей селкілдеп,
Соғады дауыл өр екпін,
Шайқайды басын теректің.
Жұлады шашын шіліктің,
Басталар кезі осы деп
Баспана бұзар бүліктің.
Қараша үйдің уығы
Қараша желге солқылдап.
Апшысын үйдің қуырып,
Жеті қат жердің топырағын
Жұлынын үзе суырып,
Даланың шаңы толқындап.
Деміне бірде булығып,
Басылып, бірде суынып...
Көбейіп кетсе жан-жақтан
Шұбалаң желдің шуылы.
Алқынып барып тынады,
Жағадан әбден алқымдап.
...Қараша үйдің қарасы
Үлкейіп көзге кеткендей.
Даңғайыр мынау даласы
Өзіне тарлық еткендей.
Жаңағы соққан дауылдан
Жазықсыз жапа шеккендей.
Қатты бір тиген тоқпаққа,
Толқымай, яки кектенбей,
Қайыспай тұрар қараша үй,
Дауылдан аман қалып бір,
Жұмаққа қолы жеткендей...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қош, қайран Кеңшілігім!

  • 0
  • 0

Атыңнан да көрініп тұр кеңдігің,
Ақын едің,
Ең талантты, ең мығым.
Көз нұрымен, сөз – жырымен қарық қып,

Толық

Әсер

  • 0
  • 0

– Хош келдің, аттан түс, балам! –
Сұрасып аман-саулықты
Қариялар таяқ ұстаған,
Әжелер аппақ жаулықты.

Толық

Кім жау?

  • 0
  • 0

Бұл өмірде көп қақтығыс,
Көп егес,
Атыс-шабыс,
Алыс-жұлыс,

Толық

Қарап көріңіз