Өлең, жыр, ақындар

Арылмақ емес, сірә, еш күнәдан

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 241
Арылмақ емес, сірә, еш күнәдан,
Білмейді кешіруді кекшіл адам.
Үйренген оқып-тоқып пысықайдан
Мың артық оқымаған ескі надан.
Билікті елден сұрап сатып алған,
Жасырын екі-үшеуден қатын алған.
Жақсылық жасау қолдан келмеген соң,
ЬІлғи да жамандықпен аты қалған.
Жақынын жанға тартып жалақтаған,
Алысты алас-күлес аластаған.
Иілген ісі түссе ініге де,
Ағаға пайдасы жоқ – жанаспаған.
Демессің, уа, оқушым, бекер мұны,
Мықтының мезі қылды мекерлігі.
Көрініп келе жатыр көктеп өсіп,
Кімнің дос, кімнің дұшпан екендігі.
Төбені не шығады тау дегеннен,
Шалғынның құны түспес қау дегенмен.
Қапшығы зұлымдықтың тола қоймас,
Жақсыны жатқа санап, жау дегенмен.
Қабырғам соны ойласам сөгіледі,
Көзімнен қара бұршақ төгіледі.
...Бетке айтып үйренбеген
Байғұс басым
Алдында ақ қағаздың егіледі!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ару қала

  • 0
  • 0

Құшағын жайып тұрса ару қала,
Сен оған асығарсың баруға да.
Болады қызығыңа қануға да,
Болады қызуыңа жануға да.

Толық

Сағым далаға

  • 0
  • 0

Сағым далаға
салт атпен шықтым салдыртып,
Сылаң күреңнің
ақ сабын терін алдыртып.

Толық

Қаладағы қарағайлар

  • 0
  • 0

Қаладағы қарағайлар,
Келесіңдер ғұмыр-бақи
Шаң жұтып,
Кездерің көп даланы ойлар,

Толық

Қарап көріңіз