Өлең, жыр, ақындар

Тағдырым, саған не істедім?

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 251
Тағдырым, саған не істедім?
Жазығым – жосып көшкенім.
Кішіріп үлкен алдында,
Кісіні сыйлап өскенім.
Тағдырым, саған не істедім?
«О, құдай, тоба!» – дескенім.
Қайырлап қалған кемедей
Қалдырып кеткен ескегін.
Тағдырым, саған не істедім?
Қанатының астында
Қайдағы бір бөспенің
Сүрініп кетсем – кешпедің.
Тағдырым, саған не істедім?
Кетірдің көркін кестенің.
Қатыны болды хас сұлу
Қайдағы кәрі кексенің.
Тағдырым, саған не істедім?
Түседі талай еске мұң.
Сыйлықты ғана мойындап,
Билікті ғана көкседім.
Тағдырым, саған не істедім?
Шеше алмай уақыт шекпенін.
Қапалы сәтін көп көрдім
Қабынып кеткен өкпенің.
Тағдырым, саған не істедім?
Бар менен жоқты екшедім.
Өзіңе ғана ырзамын
Өлгенім қайта тіріліп,
Жанып бір жатса өшкенім.
Болашағыма қол артып,
Өткеніме «қош» дедім.
Отырмын енді үңіліп,
Маржандай әрбір дәніне
Жазылған өлең – дестенің.
...Тағдырым, саған не істедім?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қыстың күні – Қимада

  • 0
  • 0

Есімде...
Бәрі есімде,
Қарындас-құрбы,
Сыйлы аға.

Толық

Қарқаралы

  • 0
  • 0

Қарағайлы қара орман Қарқаралым,
Бәрі қызық, бәрі арман – шартарабың.
Қия шыңын шыққанда
Кешірмесін,

Толық

Отызыңда жырмен орда бұзбасаң

  • 0
  • 0

Отызыңда жырмен орда бұзбасаң,
Отызыңда от боп маздап, қызбасаң,
Қайта жану қиын болар бір сөнсең,
Қайта еру қиын болар мұздасаң.

Толық

Қарап көріңіз