Өлең, жыр, ақындар

Адамға – адам...

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 818
Қара нанды жеп жүруші ек қақ бөліп,
Адамға адам бара жатыр жат болып.
Қарның ашса қараспайды қайрылып,
Жаяу қалсаң бере алмайды ат-көлік.
Жүрген жері айқай-ұйқай дау болып,
Адамға адам бара жатыр жау болып,
Тәрік қылып ибалығын, иманын,
Арын сатып, абыройын сауда ғып.
Бір-біріне қарамайды кешіріп,
Адамға адам бара жатыр өшігіп.
Бірте-бірте амалымыз таусылып,
Бірте-бірте үмітіміз кесіліп...
Бірін-бірі жеп қоярдай жек көріп,
Адамға адам бара жатыр кектеніп.
Келте жіптей келмей қойған күрмеуге
Тірлігіміз қалғаны ма шектеліп?!
Жүруші едім құшағымды досқа ашып,
Адамға адам бара жатыр қастасып.
Қосыла сап,
Ертеңіне айрылар
Бір-біріне жаны ашымай қос ғашық!
Тектен-текке бүліндік те, есірдік,
Ұрық бітті...
Құрып бітті өсімдік.
Адамға адам айуан боп барады.
Адамға – адам...
Адамға – адам... не сұмдық!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мансап туралы баллада

  • 0
  • 0

...Бағзы заман.
Байтақ елде бір Мансап
Сайран салып,
Сән-салтанат құрған шақ...

Толық

Астана, Алашымның арманысың!..

  • 0
  • 0

Шарықта,
Шабыт шақыр,
Арма, құсым.
Арқалап туған елдің

Толық

Аспаннан да асқақ-ау

  • 0
  • 0

Аспаннан да асқақ-ау
Ақындардың арманы.
Қолдан қылыш тастамау –
Батырлардың арманы.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар