Өлең, жыр, ақындар

Мен сені сүйеді екем – енді білдім!

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 751
Мен сені сүйеді екем – енді білдім!
Қадірін қайран дүние – кең ғұмырдың.
Кеңескен бір сәтіңе жетпейді екен
Тел өскен тай-құлындай тең құрбыңның.
Ішімнен қайталаймын күнде атыңды,
Келтіріп көз алдыңа сымбатымды.
Жолыңнан жанарымды айырмадым,
Жоғалтып алғандай-ақ қымбатымды.
Көңілдің сен басасың жиі аптығын,
Мерт болып мимырт тірлік, мият күнім.
Сол маңда мен іздеген сен болмасаң,
Жалғанда жалғыз қалған сияқтымын.
Қалдырма, қалқам, сол бір шағыңды ұмыт,
Сейілсін селдір тұман, сағымды үміт.
Басымды тауға соқтым, тасқа соқтым,
Сарғайттың лебізіңе сағындырып.
Жаралған гүл мен бақтан атың қандай,
Тау жаққа...
Тал ішіне шақырғандай.
Алған соң сабырымды-дегбірімді
Сүймеске бара жатыр дәтім қалмай.
Жүректі тіліп өтті тиген алмас,
Шын ғашық түзде түлер, үйде қалмас.
Жолыңа сенің құрбан болатындай
Жалынып жан адамға имеген бас.
Махаббат бір құдірет,
Киелі екен,
Кім ғашық болса басын иеді екен.
...Еңсені өзің басқан өзің көтер,
Мен сені шынымен-ақ сүйеді екем!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ерке өзен

  • 0
  • 0

Еркелейсің, Есілім,
Еркелейсің сен маған.
Еркелесең несі мін,
Еркелеткен кең далам.

Толық

Көңіл алдап

  • 0
  • 0

Көңіл алдап,
Көз бояп,
Опа жағып безендік.
Сыртымыздан оқ атып,

Толық

Бір жыл өтті Сырбайсыз...

  • 0
  • 0

Шыққандай жолға түнде айсыз,
Жүруің жалғыз ыңғайсыз.
Бұлбұлы кеткен тоғайдай,
Бір жылым өтті Сырбайсыз.

Толық

Қарап көріңіз