Өлең, жыр, ақындар

Сені ойласам

  • 18.09.2021
  • 0
  • 0
  • 361
Сені ойласам,
Еріксіз елегізіп,
Жүрек тулап, бой қунап, дене қызып,
Айдын шалқар төсінде
Ақ желкенді –
Бара жатқан секілді кеме жүзіп.
Көздің сұғын саламын сол кемеге,
Алабұртып көңілім әлденеге.
Бір сүйкімді қыз болып, қолға ілікпей
Баяғыдай қымсынып, бәлдене ме?
Маған шәрбат секілді сенің мұңың,
Сені сүйіп-құшқанға сенімдімін.
Шалдықтырып салқынға алмайын деп,
Аялаумен келемін көңіл гүлін.
Біз шықпаған асқар тау, тың қалар ма?
«Өлген өгіз, жоқ әзір сынған арба!»
...Құшаққа алып, пейіштің шарабындай
Көз жасыңды жұтатын күн болар ма?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өскемен көшесі

  • 0
  • 0

Өнеге қалар әр кез өскен елден,
Қашанда құрметке дос кенелген.
Ылғи бір сай тасындай азаматтар
Сау етіп келе қалды Өскеменнен.

Толық

Арман Дүние

  • 0
  • 0

Арман Дүние,
Артар жүгің аз ба еді,
Айтатының өкпе ме еді – наз ба еді?
Айдыныңнан баяғыдай ұшатын,

Толық

Зеренді

  • 0
  • 0

Жағасын жалатқан зерменен,
Толқынын жұпар жел тербеген,
Құшағын құмарлық кернеген,
Аспаны астасқан жерменен

Толық

Қарап көріңіз