Өлең, жыр, ақындар

Жеті өзен

  • 18.09.2021
  • 0
  • 0
  • 273
Құт бұлақтан
Ытқып аққан
Өртенгендей от өзегі,
Жыраулардай,
Жүйткіп аққан
Жетісудың жеті өзені.
Қолдарына домбыра алған
Жеті өзен жеті ақындай.
Жеткізгенде сол бір арман,
Жан қызыққа бататындай.
Сол бір арман
Сөзді маржан
Уыс-уыс ататындай.
Әр бұлақтың өз әуені,
Әр өзеннің өз үні бар.
Білер әлі, сезер әлі
Сергек жандар сезімі бар.
Тау да – жырау, Бау да – жырау,
Жыраулардан аумадым-ау.
Қайтқан емес,
Кең даланың,
Ен даланың төзімі – нар.
Келдім саған,
Кербез далам,
Жанымменен ұғысқалы,
Қанымменен туысқалы.
Бар атырап,
Сар жапырақ
Әніңменен тыныстады.
Жетісуым – жеті өзенім,
Өлең шалған от өзегін
Жеті ақындай Шығыстағы!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұлы халық

  • 0
  • 0

Ұлы дейміз Біреуді,
Ұлылығы Зор ма екен?
Ұжұмаққа апарар
Ұлы Жібек жол ма екен?!

Толық

Ұялаған кеудемнің түбіне мұң

  • 0
  • 0

Ұялаған кеудемнің түбіне мұң,
Қорықпаймын келсе де бүгін өлім.
Шүберекке түйіп ап қу жанымды,
Шындық үшін шырқырап жүгіремін.

Толық

Басқадан менің мұңым басымырақ

  • 0
  • 0

Басқадан менің мұңым басымырақ,
Басқадан менің жырым асылырақ.
Естіртіп өз үйімді кетсем деймін
Халқымның ойдан-қырдан басын құрап.

Толық

Қарап көріңіз