Өлең, жыр, ақындар

Дүниені жапқанда қараңғылық

  • 18.09.2021
  • 0
  • 0
  • 220
Дүниені жапқанда қараңғылық,
Мазалайды түсіме Арал кіріп.
Не жаздым деп қараймын айналама,
Көңілімде жоқ қылау, арам қылық.
Бермеген соң не қажет өмір опа,
Жүрек сыздап, ми мұздап, көңіл – қапа.
Азияның қарайды ажарына,
Аяушылық сезіммен Еуропа!
Қандай қырсық төтеннен жолықты кеп,
Булығады ызаға толып жүрек.
Келер ұрпақ аңыз ғып айтар ма екен,
«Баяғыда... бір теңіз болыпты!» – деп.
Қар жауғандай көңілге қарашада,
Қажыттың-ау жүрекке жара сала.
Қанатымен су сепкен қарлығаштай,
Қалай ғана түсемін арашаға?
Жердің әбден құлазып тозғанынан,
Айрылғандай аяулы боздағынан.
Туған жерін тәрк етіп барады жұрт,
Жеріп кеткен құландай өз қағынан.
Қадірліңе қарашы, қарайлашы,
Мансап емес, шен емес, ар ойлашы!
Оспадарсыз ожардың қолы тиіп,
Быт-шыт болған жерімнің шарайнасы!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бір құдірет

  • 0
  • 0

Бір құдірет
Бар екенін білемін
Оның және дара екенін білемін.
Бәрімізді бір минутте күлдіріп,

Толық

Естісін Есіл даусыңды

  • 0
  • 0

Сонау жыл...
Есіл бойында.
Сіңіріп сәуле санаға
Сырласып жастық жайында,

Толық

Міржақып

  • 0
  • 0

Алма-кезек:
Бір қасірет, бір бақыт.
Жылай-жылай көздің жасын құрғатып.
Өкіндіріп, бекіндіріп қазағын,

Толық

Қарап көріңіз