Өлең, жыр, ақындар

Үш монолог

  • 18.09.2021
  • 0
  • 0
  • 768
1. Ананың зары
Ақ сүтімді омырауымнан ағызып,
Көздің жасын көкірегіме тамызып.
Айдалада, қарағым,
Аңыраған анамын.
Ашық аспан заманында,
Айдың, Күннің аманында
Қайғы жауып қабағын,
Қапаланған Анамын.
Көрге айналып мекені,
Жасқа толып етегі,
Еңіреген анамын,
Енді маған пана кім?

2. Шағаланың шаңқылы
Шаңқылдаған шағаламын,
Теңіз бойын жағаладым.
Су орнына құмға батып,
Қанатымды сабаладым.
Шаңқылдаған шағаламын,
Теңіз төсін сағаладым.
Айдынымнан айрылғанда,
Қандай мекен таба аламын?!
Шаңқылдаған шағаламын,
Шаршадым ғой, демаламын.
Аралыммен мен де бірге
Мәңгілікке жоғаламын.

3. Маралдың мұңы
Ең соңғы аңы Аралдың –
Маңыраған маралмын.
Аңыраған қалпымда
Айдалада қалармын.
Енді қашан Аралдың
Мөлдіріне қанармын?
Жас орнына қан ақты
Жалт-жұлт еткен жанардың.
Қай пендеге қарармын,
Қай кәдеге жарармын?
Құмда жатқан маралмын,
Мұңға батқан маралмын!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Байқа, досым, менен еш түңілме сен

  • 0
  • 0

Байқа, досым, менен еш түңілме сен,
Ұрынбайсың, жаныма үңілмесең.
Ессіз-түссіз бір қызға ғашық болып,
Түні бойы көзіңді бір ілмесең.

Толық

Ауырсам, мен ауырайын

  • 0
  • 0

Ауырсам, мен ауырайын,
Аяулым-ау, сен ауырма!
Сездіретін ауа райын,
Ғажап сыр бар жанарыңда.

Толық

Тұрмағамбет

  • 0
  • 0

Емес ол бұл өмірден күліп өткен,
Тілесе – төтесінен тіліп өткен.
Қылп етіп сөз найзасы тиген жердің
Бұрқ етіп шығады екен күлі көктен.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар