Өлең, жыр, ақындар

Кемеңгерім – Кенекем!

  • 18.09.2021
  • 0
  • 0
  • 211
«Арқада Көкшетауға жер жетпейді,
Қазақта Кенекеме ер жетпейді».
М. Жұмабаев

Қамал бұзған қаһарман,
Абылайдан бата алған.
Қам жасаған қазағын
Қалдырмауға қатардан.
Абыройын халқының
Алатауға апарған.
Тартып тілін көрмеген,
Таусылғанша татар дәм!..
Қазағының қамы үшін
Қамшылаған намысын.
Жалпақ елдің жалғаған
Жақыны мен алысын.
Көк найзасын көтеріп,
Күні-түні жортса да,
Арып-ашып көрмеген,
Артық туған Арысым!
Көсілгенде – көсемім
Шешілгенде – шешенім.
Қиқулаған кезінде
Кім қайтарар меселін?!
Арындаған арғымақ,
Нәр татпаған неше күн.
Өзгелерге айтпаған
Өзі білген есебін.
Аражігін айырып
Бүгін менен кешенің.
Ердің жанын түсінер,
Елдің қамын жесе кім?!
Қайран менің Кенекем,
Алдаспаным сен екен,
Тіліп өтіп
Тәнті еткен
Тіршіліктің кеселін!
Артық емес өзіңді
Ақ семсерге теңесем.
Тепкіні бар тас жарған,
Екпіні бар ересен.
Қазақ жері қастерлі,
Әрі байтақ, әрі әсем.
Қорғау үшін сол жерді
Шыбын жанын пида еткен,
Өлерменім Кенекем,
Кемеңгерім Кенекем!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тілек

  • 0
  • 0

Қайнарым тұнық болса,
Қайғы-мұң ұмыт болса.
Әсемдік,
Әдемілік –

Толық

Ару қала

  • 0
  • 0

Құшағын жайып тұрса ару қала,
Сен оған асығарсың баруға да.
Болады қызығыңа қануға да,
Болады қызуыңа жануға да.

Толық

Қыстың күні – Қимада

  • 0
  • 0

Есімде...
Бәрі есімде,
Қарындас-құрбы,
Сыйлы аға.

Толық

Қарап көріңіз