Өлең, жыр, ақындар

Бастаңғы

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 849
Жиынды кiм сағынбас,
Кiл балалар
қағынып,
Əншейiнде бағынбас,
Бiр бастыққа
бағынып,
«Жасайық», – деп, – бастаңғы»,
Бiреу бiр ой бастайды.
Əдетiмiз жастайғы,
Мұны бəрi қоштайды.
Кiм мақтаншақ,
Кiм кеппе,
Құштар болсаң бiлмекке.
Сырын ашып тастайды,
Жаса жиi бастаңғы,
Сүт тартатын машина
Бар Бекеннiң үйiнде.
Шешесi алып қасына
Сүт тартады күнiне.
Қайырған май,
Тартқан май
Сол кiсiнiң қолында.
Бiр кесегiн батпандай
Ұрлау Бекен мойнында.
Бектiң үйi келесi,
Тары егедi
Жаз айы.
Тары тасып ол өзi
Бiр жарылқай жаздайды.
Бiреу үйден женттi,
Бiреу үйден
Құрт əкеп,
Ал бiреулер өрiктi,
Жарма талқан
Жүр əкеп.
Мақтан сүйгiш Жолданды,
(Мiнезi тым қызық-ты).
Мақтап қойсаң болғаны,
Не қазы,
Не шұжықты.
Сездiрместен үйiне,
Тығып алып
Келедi.
Сол бойымен күпiне,
Түнiменен
Кебедi.
Асылып ет жатады,
Ұмытамыз басқаны.
Сан қызыққа бататын
Басталады
Бастаңғы.
Думанымыз жарасып,
Бiр жаңалық
Ашқандай.
Ас iшемiз таласып,
Таласа iшкен
Ас қандай!
Тəбет қашар
Əсте үйде,
Ал қызық-ау
бастаңғы.
Өз үйiңнен басқа үйде
Көрiнедi-ау
Ас дəмдi.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әскер болып атыстық

  • 0
  • 0

Ауылдағы баланың
Түгелдейi қатысып,
«Соғыс ойынын» ойнадық,
Əскер болып атысып.

Толық

Есеп

  • 0
  • 0

Бос тұрмастан бекер,
Алпыс секунд өтер.
Басын қосып бiрiгiп,
Бiр минутқа жетер.

Толық

Лəңгiлiк қыл

  • 0
  • 0

Лəңгiлiк қыл iздеп,
Күнiмен сабылды.
Кешке қойлар келгесiн,
Бiр амалы табылды.

Толық

Қарап көріңіз